Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

12.08.2019

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЭСТАФЕТА ҚЫЗУ ҚОЛДАУҒА ИЕ


#Birge #Taza Qazaqstan Республикалық экологиялық акциясына балқаштықтар екінші аптада да үн қосып, белсене атсалысты. Эстафетаны 3 ТАМЫЗ КҮНІ қала әкімінен қабыл алған «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС кәсіпорындарының қызметкерлері корпорация жанындағы «Жастар одағы» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып көл жағалауындағы 4 гектар жерді тұрмыстық қалдықтардан тазартСА, «сАРЫ қЫЗЫНА» жшс ЖҰМЫСШЫ ПОСЕЛКЕСІНДЕГІ әЛІМЖАНОВ КӨШЕСІНЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗІП, 20 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ.

Сенбілік басталмай тұрып, берілген аймақ көлемі таныстырылып, тазалық кезіндегі сақтық шаралары қатаң ескертілді. Бұдан соң, ортаға «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің техникалық директоры, қалалық мәслихат депутаты Гуламидин Камирдинов сөз сөйлеп, іске сәттілік тіледі.

Металлургтердің тазалық шарасына қызу дайындалғандықтары көрініп тұрды. 300-ден аса адамның үстінде «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС логотипі жазылған бірдей ақ футболка, бастарында ақ кепка, арнайы қолғап, шаң-тозаңнан қорғайтын маска. Адам күшінен бөлек, акцияға 2 арнайы техника да жұмылдырылды. Сондай-ақ, көл жағалауына кәсіпорын тарапынан 2 қоқыс жәшігі қойылып, 2 үлкен, 7 кішкентай тазалыққа шақырған хэштегтер орнатылды.

Сенбілік қорытындысы бойынша, жалпы саны 4 КамАз ауыр автокөлігімен 32 тонна қоқыс шығарылды. «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС бұл эстафетаны «Балқаштүстімет» ӨБ (Бас директоры Қайрат Шалмағамбетов) мен «ТRANCO Express» ЖШС (директоры Бауыржан Есеев) Балқаш филиалына жолдады. Ал, «Сары Қазына» ЖШС эко-челленджді «Жібек жолы» ЖШС-ге ұсынды.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх