Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

31.07.2019

Экология мәселесі – жақсарады


31 шілде күні қала әкімдігінің үлкен залында Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешовтің, Қарағанды облысы экология департаментінің басшысы Қанат Мұсапарбековтің қатысуымен жиналыс өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қарастырылды. Оның бірі – Қарағанды облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша кешендік жоспардың орындалу барысы болды. Аталған мәселе бойынша «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Екатерина Быстрякова, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС техникалық директоры Гуламидин Камердинов, «Kazakhmys Energy» ЖШС бас директоры Евгений Никитин баяндама жасады.

Екінші мәселе – Балқаш, Приозерск қалаларының экологиялық проблемалары болды. Бұл мәселе бойынша Балқаш қаласы әкімі Ораз Тәуірбеков пен Приозерск қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің міндетін атқарушы Нұрлан Омаров ақпарат берді.

Жиналыс қорытындысы Кешендік жоспарды орындау бойынша Қарағанды облысы табиғат пайдаланушы кәсіпорындарының баяндамаларын ескеру, Балқаш, Приозерск қалалары, мүдделі мемлекеттік органдар, табиғат пайдаланушы кәсіпорындар («Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС) сонымен қатар Қарағанды облысы бойынша экология департаментіне Кешендік жоспарды орындауда барлық шараларды қолдану жүктелді. «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-не Балқаш байыту фабрикасының қалдыққоймадағы топырақтауы нормадан тыс жол бермеуге, («Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС жыл сайын барлық табиғат қорғау іс-шараларын орындалуын хабардар ету, «Қарағанды облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту» Кешендік жоспарды мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың қаңтар айында баяндамаларды тыңдау шешімі шығарылды.

Балқаштың тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының құжаттамасын алуға рұқсат беру, ҚР Экологиялық кодексi 301-бабына сәйкес коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды енгізу, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонының тұтануына жол бермеу, полигондарды ҚР заңнының талаптарына сәйкес қалыпқа келтіру, "Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" КМК тазарту құрылғыларын салуға қаражат бөлу, «БалқашСу КМК» тазарту құрылғыларын салуда жобалау-сметалық құжаттамаға қаражат бөлуді қарастыру шешімі шығарылды. 



Кері қайту

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 712, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 386.34
Euro 427.25
Рубль 5.88

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх