Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

05.07.2019

Қала басшысы қадағалауға алды


5 шілде күні қала әкімі Александр АГЛИУЛИН қалада жүргізіліп жатқан бірқатар жұмыстарды аралап, жұмыс қарқынымен жіті танысты. Қала басшысының ат басын тіреген алғашқы нысаны – Мир көшесі бойындағы жол жиектеріне бардюлардың салыну барысы болатын. Бұл көшенің абаттандырылуына жауапты «Жібек жолы» ЖШС-сі. Сәтін салса, аталған мердігер мекеме биылғы жылдың қыркүйек айында жүктелген жұмысты аяқтап шықпақшы. Қала басшысы сметалық құжаттарға өзгерістер енгізіп, орындықтар мен қоқыс жәшігін орналастыруды тапсырды. Бұдан соң Жидебай батыр шағын ауданына бет алған қала әкімі «СуЖылуТранс» КМК жүргізіп жатқан ыстық су жүйесінің ауыстырылуын тексерді. Айтып өтейік, ыстық су жүйесі сонымен қатар, Ағыбай батыр көшесі мен Қараменде би көшесінің қиылысында да ауыстырылуда. «СуЖылуТранс» КМК басшысы Айбек Рахимберлиннің айтуынша 2019-2020 жылы жылу беру жүйесі ауыстырылып, жылу жүйесінің берілуі біршама артады. Жұмыс сапасының жоғары болуын талап еткен шаһар басшысы атқарған жұмыстарының соңынан кеспетастарды қалпына келтіруді тапсырды.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх