Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

05.07.2019

Мереке қарсаңында марапатталды


5 шілде күні еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай әкімдікте қала әкімі Александр Аглиулиннің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Шара барысында жиналғандарды құттықтаған шаһар басшысы Александр Аглиулин:
Бүгін мемлекетіміздің символы, асқақ абыройымыздың айғағы болған елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының күні – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі. Елордамызға қанша еңбек, қаншама күш-қуат жұмсалғанын білеміз. Көз алдарыңызға елестетіңіздерші – Астана – бұрынғы облыс орталығы, Целиноград, Ақмола. Ал бүгінгі Астана – бұл әлем мойындаған халықаралық орталықтардың бірі, Евразияның ең көркем әрі дамыған қаласының бірі. Мұның барлығы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси алғырлығының нәтижесінде жүзеге асты. Сондықтан, Қасым-Жомарт Кемелұлының шешімі өте дұрыс, заңды, - деді.
Мұнан соң, Тәуелсіз Қазақстанның астанасы күніне орай еліміздің өркендеуіне атсалысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқаны үшін Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен Балқаш мыс зауытының мыс электролиздеу цехының аппаратшылар бригадирі Ербулан Шохатаев, Балқаш сервис колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айнагүл Дайрабаева, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің автоматизация бөлімінің басшысы Ксения Жолнерова, «Зияткер» арнайы мамандандырылған мектебінің директоры Бекен Дюсамбаев, жөндеу-механикалық зауытының МТЖБ басшысы Иван Бабич, БМЗ МБЦ жөндеу учаскесі бойынша шебері Қайрат Сыздыкбеков, ЖББ №1 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Екатерина Цыбина, ЦРЭС филиалы БЭС «ЖезРЭК» АҚ бас инженері Қадыржан Ермағамбетов, №3 мектептің директоры Әлия Омарова, Балқаш жолсеріктер резерві бригадирі Шолпан Калибекова, Балқаш сервис колледжінің директоры Еңлік Жүкенова, «Балқаш қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ төрайымы Әсем Айтжанова, «Саңыраулар» клубының директоры Мақпал Чайкова, Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бөлімінің басшысы Дәулет Есекеев, Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының қабылдау және өңдеу орталығы бөлімінің басшысы Торғын Акимжанова, мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы Нұрымбек Магрупбеков, мемлекеттік кірістер басқармасының жанама салық бөлімінің бас маманы Толқын Искакова, Балқаш қалалық сотының кеңсе маманы Назгүл Ағыбай, қалалық соттың бас маманы Асқар Абилов, бас маман – сот отырысының хатшысы Саягүл Мамирова, қалалық соттың жетекші маманы Айнұр Ахметова, бірінші құрылған қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері Анарбай Ыбышев, Төлеузада Махметов, Жұмабай Игембаев, Виктор Сивун, Серікбол Түсіпбеков марапатталды.
Сондай-ақ, Балқаш қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғалармен және кәсіпкермен жұмыс бөлімінің бас маманы Жанаргүл Карипжанова, Балқаш қалалық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы Әсем Баканова, Мөлдір Абрахманова, «Балқаш Энерго» КМК, «Городское коммунальное хозяйство – 2012» ЖШС, «Су Жылу Транс» КМК, «Балқаш Су» КМК қала әкімінің Алғысхатына ие болды.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

32°
В Балхаше: ясно, Влажность 20%, Давление 708, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 383.43
Euro 432.47
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх