Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

01.07.2019

КӘСІБИ МЕРЕКЕДЕ ЖУРНАЛИСТЕР МАРАПАТТАЛДЫ


Өткен аптада қалам ұстаған қауымның төл мерекесі тойланады. 28 маусым – бұқаралық ақпарат қызметкерлерінің күні.
Атаулы күнге орай балқаштық БАҚ өкілдері қала әкімінің міндетін атқарушы Саят Әбеудің қабылдауында болды. Жиында Саят Әбеу қала жаңалықтарымен халықты дер кезiнде құлақтандырып отырған жергiлiктi журналистердiң еңбегi зор екенiн айтып, шығармашылық табыстар тiледi.
Сондай-ақ, Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен ардагер журналистер Наталья Павловская, Бақыт Қамбарова, «Северное Прибалхашье» газетінің оператор-верстальщигі Ирина Зелова, «Қазақтелеком» АҚ электро-монтері Людмила Огай марапатталды.
Ал, «Оркен-мedia» ЖШС тілшісі Акмарал Хасина, «Оркен-мedia» ЖШС орыс тілінде жаңалықтар қызметінің редакторы Виктория Буханцева, «Оркен-мedia» ЖШС есепшісі Жанар Сарсенбаева, «Балқаш өңірі» газетінің тілшісі Гүлзат Кәукербекова, «Балқаш өңірі» газетінің бухгалтері Гаухар Әмірбекова, «Северное Прибалхашье» газетінің оператор-верстальщигі Орал Төлеукенова, «Балхаш ТВ» бас редакторы Антонина Шарова қала әкімінің Алғыс хатына ие болды.
Әрдайым арнайы сый емес, елдің ықаласын арқалап жүрген тілшілерге тек шығармашылық табыс тілейміз! Қаламдарыңыз мұқалмасын! Елдің артқан сенімін ақтай беріңіздер деген тілегімізді арнаймыз!



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх