Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

21.06.2019

Полиция күні аталып өтті


21 маусым күні Оқушылар сарайында 23 маусым Қазақстан полиция күніне орай салтанатты шара өтті. Шараға қалалық мәслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов, полиция ардагерлері, полиция жеке құрамы мен олардың отбасы мүшелері қатысты.
Салтанатты шара шымылдығы айбынды Әнұранмен түрілді. Одан соң сөз алған қалалық мәслихат хатшысы Қадыржан Тейялнов:
Әрбір өркениеттің әрине қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ол – ішкі істер органдарының қызметкерлері екені белгілі. Осы ортақ іске Балқаш қаласының ішкі істер бөлімінің ұжымы да елеулі үлес қосуда. Әрине, полицейде қызмет ету ол маңызды әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Сіздер болсаңыздар қоғамның тыныштығын сақтау, қылмыспен күресу сияқты аса жауапты саламен байланыстырған адамдарсыздар. Күнделікті қызметтеріңізде халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп олардың құқықтарымен заңды мүдделерін қорғау мәселелерін шешуде атсалысасыздар. Осыған орай, жақында президент Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерімен кездесіп, онда халықпен жүйелі түрде жұмыс істеу керектігін айтып, нақты және күрделі міндеттерді алға қойды. Біз сіздердің кәсіптеріңіздің қаншалықты қиын тіпті кей жағдайларда аса қауіпті екендігін жақсы білеміз. Сондықтанда біздің мемлекетте, жергілікті билік органдары да полицей қызметкерлерінің еңбектеріне қолайлы барлық жағдайды жасап келеді, - деп ардагерлер мен полиция қызметкерлерді құттықтап, ішкі істер бөлімі басшысы Өміржан Қуандыққа ескерткіш сыйлық ретінде компьтер табыстады.
Мұнан соң ҚР ІІМеңбегі сіңген ардагер, Балқаш қаласы ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеузада Махметов, «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС-нің өндіріс директоры Марат Әубәкіров, мыс балқыту зауытының директоры Ербол Айбеков сөз алып, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіп күзетінде аянбай қызмет етіп жүрген жандарға толайым табыс тілеп, ескерткіш сыйлықтарын тарту етті.
Өз кезегінде мінберге көтерілген Балқаш қалалысының ішкі істер бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Өміржан Қуандық сөз сөйлеп, полиция қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар, қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерге бір минут үнсіздік жарияланып, еске алды. Қазақстан Республикасы полициясы күніне орай, қаланың қоғамдық-саяси тұрақтылығын сақтауға қосқан үлесі және қызметтік міндетін абыроймен орындағаны үшін, Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Н.Бекмурзаев, экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Ж.Дәулетқалы, жедел криминалистикалық тобының аға криминалисі, полиция майоры Б.Сүлейменов, есірткі қылмысына қарсы күрес іс қимыл бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Д.Кабдығалиев, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е.Буданов, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Баканов, патрульдік полиция ротасының полицейі, полиция аға сержанты Ә.Журчинов марапатталды. 
Ал, балқаш қаласы полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі, полиция капитаны С.Мұсатаев, жергілікті полиция қызметі бөлімшесі ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны М.Гиждевская, кезекші бөлімнің аға инспекторы, полиция капитаны Ш.Касенбеков, криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Е.Аман, әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы, аға лейтенанты Е. Саматов, тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Р.Төкейбек, көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы, полиция лейтенанты Н.Жұмажанова, жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Манат Сержан, уақытша ұстау изоляторының күзет полицейі, полиция сержанты Қ.Тлеуқабыл, көші-қон қызметі бөлімшесінің жетекші маманы Д.Тельгузинова қала әкімінің Алғысхатына ие болды.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін сондай-ақ Қазақстан полициясының 27 жылдығын мерекелеуге орай Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен Ж.Жакенов, Р.Құтжанов, С.Дакибаев, З.Мұсатаев, С.Боровицкий сынды полиция қызметкерлері мадақталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығымен мінсіз қызметі үшін 2-ші дәрежелі медалі Балқаш қаласы полиция батальоны тылмен қатамасыз ету тобының старшинасы, полиция старшинасы Қ.Елубаевқа, Қазақстан полициясының 27 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының полиция күніне 25 жыл» төс белгісімен жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Р.Ілдебаевқа, «Қарағанды облысы Полиция департаментінің қолсағаты» әкімшілік полиция бөлімшесінің аға мемлекеттік автоинспекторы, полиция лейтенанты Т.Ракишевке тапсырылды.
Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының грамотасына жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Р.Ілдебаев, патрульдік полиция ротасының взвод командирі, полиция подполковнигі Ж.Асылбеков, жедел-криминалистік тобының аға криминалисі, полиция майоры Б.Сүлейменов, есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция капитаны Д.Кабдығалиев, патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция лейтенанты К.Тілекқабылов, патрульдік полиция ротасының полицейі, полиция кіші сержанты А.Жаманкөз, сонымен қатар, Алғысхатына есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Нұрбол Мырзагелдіұлы Жанысбаев лайық деп танылды. 
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан полициясының 27 жылдығын мерекелеуге орай Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен 23 полиция қызметкері марапатталса, Балқаш қаласы полиция бөлімі бастығының грамотасымен 10 полиция қызметкері, Алғысхатымен 12 полиция қызметкері мадақталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

32°
В Балхаше: ясно, Влажность 20%, Давление 708, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 383.43
Euro 432.47
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх