Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

21.06.2019

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті


21 маусым күні М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының алдында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар және түлектер қатарынан жұмыс іздеушілерге, жас мамандарға лайықты жұмыс табуға көмектесу, ал жұмыс берушіге жаңа кадрларды таңдауға көмектесіу.
Жәрмеңкеге 15 жұмыс беруші қатысып, олар білім беру, коммуналдық қызмет көрсету, құрылыс, өндіріс, жылу энергетика және тағы басқа салаларға қатысты 574-ке жуық бос жұмыстарын ұсынды.
Жұмыс іздеушілер үшін жұмысқа орналасу, микрокредит беру, тегін қысқа мерзімді курстарды ұйымдастыру сұрақтары бойынша жеке кеңестер жүргізілді, жұмыспен қамтудың белсенді шаралары түсіндірілді.
Қатысушылар назарларына ақпараттық және тарату материалдары (буклеттер, жадынамалар, бос жұмыс орындары туралы ақпараттар) ұсынылды.
Аталған шараға 100-ден аса жұмыссыз азаматтар қатысты. Жәрмеңкенің қорытындысы бойынша барлық адам кеңес алды. 18 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, қоғамдық жұмысқа 11 адам жолдама алды, жастар тәжірибесіне 2 адам жіберілді, шағын несие алуға 1 адам өтініш білдірсе 25 адам тегін қысқа мерзімді курстардан өтуге ниет білдірді.
Сонымен қатар, жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілерге арналған «Еңбек шартын жасаңыз» акциясы аясында еңбек шартын жасаудың артықшылықтары туралы және бірыңғай электрондық еңбек биржасы енгізу бойынша, яғни жұмыс берушілермен азаматтардың өздерімен ұсынылған түйіндемені және бос орындар туралы мәліметті, мемлекеттік және жеке жұмыспен қамту орталықтары туралы ақпаратты біріктіру жөнінде түсініктеме жұмыстары жүргізілді. Бұдан өзге азаматтарға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы түсіндірілді.



Кері қайту

Ауа райы

В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 716, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 389.98
Euro 434.01
Рубль 6.10

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх