Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

20.06.2019

Күн тәртібінде – маңызды мәселелер


18 маусым күні қала әкімінің міндетін атқарушы Саят Әбеудің басшылығымен аппарат жиналысы өтті. Жиынға қалалық мәслихат хатшысы Қадыржан Тейлянов, қала әкімінің орынбасарлары, қаладағы мемлекеттік мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе Елбасы Жолдауындағы «Жастар жылының» жүзеге асырылуының барысы туралы болды. Бұл мәселе бойынша қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Беркенов ақпарат берді.
Оның айтуынша, «Жастар жылына» арналған жұмыстар 11 бағытта жүзеге асырылатын болады. Яғни, жастардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту, кәсіптік бағдар беру, кәсіпкерлік, діни экстремизм мен құқықбұзушылықтың алдын алу, патриоттық тәрбие беру, азаматтық ұстанымын қалыптастыру, жастар арасында өзіндік ұлттық мәдениет пен тілді дамыту, денсаулық сақтау, әлжуаз топтарды әлеуметтік қорғау және бос уақытты тиімді өткізу және жастарды қолдау.
Осы бағыттар бойынша қалада барлығы 150 іс-шара жоспарланған. Қаржылық қолдау бойынша «Жастар ресусрстық орталығына» 1,5 млн. теңге қарастырылды. Оның 700 мың теңгесі қала әкімінің «Өркен» сыйлығы, 500 мың теңгесі жастар фестивалін өткізуге, 300 мың теңгесі түрлі бағытта өткізілетін шараларға және сыйлықтар алуға бағытталған. 
Жылдың басында қала әкімі белсенді жастармен кездесті. Кездесу еркін форматта өтіп, жастар сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ, Сәбитова, Қоңырат ықшамауданы мен Саяқ кентінде коворкинг орталығының элементтерімен аула клубтары ашылмақ.
Жастарды жұмыспен қамту бағыты бойынша 10 қаңтардан 20 наурызға дейінгі аралықта жұмыссыз жастарды анықтау бойынша 14150 пәтерді аралау жүргізілді. Нәтижесінде, 2195 жастың 70-і жұмыссыз екені анықталды. Бүгінгі таңда олардың ішіндегі 55 жас жұмыспен қамтылды. Яғни, 13 жас тұрақты жұмысқа орналасты, 6 адам жастар тәжірибесіне, 20-сы қоғамдық жұмыстарға, 16-сы қысқа мерзімді даярлық курстарына жіберіліп, қалған 15-і бағдарлама бағыттары бойынша түсіндірме алған. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында қала әкімінің 4 гранты табысталды. Маусым айының соңғы онкүндігінде тағы 3 гранты табыс етілмек. 
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ж.Балапанова баяндады.
2018 жылы Тілді дамыту мақсатында жергілікті бюджеттен 24777,0 мың теңге, 2019 жылы 26572,0 мың теңге бөлінген. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың үшінші кезеңіне негізделген іс-шаралар жоспары мемлекеттік тілді меңгеру, лингвистикалық капиталды дамыту, тіл саясаты ақпараттық сүйемелдеу және ономастика атты бағыттардан тұрады.
Бірінші бағыт бойынша 2018 жылы 6698,0 мың теңгеге тыңдаушыларға тілдерді оқытумен қатар, латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиін үйретуді қамтамасыз етуге бағытталған 17 орындық жаңа оқу кабинеті ашылды.
Облыс көлемінде 2018 жылы өткізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенер болсақ, қаламызда мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 88 %-ды құрайды.
2018 жылы мемлекеттік тіл курсын 245 адам оқыса, 2019 жылдың І жартыжылдығында 189 адам курсты аяқтады. Соңғы жылдары өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тіл курсына жазылып, олардың мемлекеттік тілді меңгеру түлесі 42,3% -ды құрады. Тілді білуді бағалаудың көпдеңгейлі жүйесі негізінде әзірленген республикалық «Қазтест» жүйесі бойынша 2014-2018 жылдар аралығында қаламызда диагностикалық тестілеуден 734 адам өткен. Ал, биыл диагностикалық тестілеуге 80 адам, сертификаттық тестілеуге 20 адам қатысады жеп жоспарлануда.
Лингвистикалық капиталды дамыту бағыты бойынша «Тілдердің үш тұғырлығы» мәдени жобасы жүзеге асырылуда. Облыс көлемінде өткізілген әлеуметтік зерттеу қорытындысына сүйенер болсақ, Балқаш қаласында үштілді меңгерген тұрғындардың үлесі 10%-ды, орыс тілін меңгергендер – 91%, ағылшын тілін меңгергендер – 15% құрайды. 2018 жылы ағылшын тілін 174 адам оқыса, 2019 жылдың І жартыжылдығында ағылшын тілін 116 адам оқыды. Сонымен қатар, биылғы жылдың І жартыжылдығында ағылшын тілі курсына 13 мемлекеттік қызметші тартылған, бұл басқа өңірлермен салыстырғанда 48%-ға төмен. Жалпы қалада І жартыжылдықта мемлекеттік тілді дамыту мақсатында – 12, үштілділікті дамыту мақсатында 9 іс-шара ұйымдастырылған.
Тіл саясатын ақпараттық сүйемелдеу бағытында да бірқатар жұмыс жүргізілген. Атап айтсақ, жергілікті баспасөз беттерінде мемлекеттік тілді үйретуге бағытталған «Қазақ тілін үйренеміз!», «Языковой вестник» айдарлары жүргізіліп келеді. «Балқаш ТВ» телеарнасында түрлі тақырыптарда қазақ, орыс, ағылшын тілінде телесабақтар эфирден көрсетіледі. Жергілікті БАҚ-та тіл саясатын насихаттау бағытында биылғы жылы 65 материал жарық көрген. 
Ономастика деп аталатын төртінші бағытта елдің ішкі және сыртқы саясаты, оның ішінде тіл саясаты қамтылады. Бұл бағыт бойынша әлі де болсын өзекті мәселелер туындауда. Қалада, Саяқ пен Гүлшат кенттерінде 37 көшенің атауы тек орыс тілінде көрсетілген.
Бұдан өзге, қалада «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» атты айлықтар өткізіледі. Аталған айлық бойынша биыл жүргізілген рейд барысында 300-ге тарта нысанның көрнекі ақпараттарынан 30-ға жуық кемшіліктер мен заңбұзушылықтар анықталып, бүгінде олардың 17-сі түзетілді.
Жиынды қорытындылаған Саят Әбеу көтерілген мәселелер төңірегінде жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеді.



Кері қайту

Ауа райы

32°
В Балхаше: ясно, Влажность 20%, Давление 708, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 383.43
Euro 432.47
Рубль 6.12

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх