Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Жаңалықтар

06.05.2019

ҚАЛАНЫ АРАЛАДЫ


Ағымдағы жылдың 4 мамыр күні қала әкімі Александр Аглиулин кезекті рет қаланы аралап, коммуналды мекеме басшыларына бірқатар тапсырма берді. Шаһар басшысы алдымен Сейфуллин көшесі, 30 үйге барып ондағы жаңбырдан соң ауланың маңын су басқанын көрді. Сонымен қатар, аталмыш үйдің жертөлесін су басып жатқанын айтқан тұрғындар қандай да бір шара қолданылса екен дейді. Мұны ескерген қала басшысы жауапты басшыларға жертөледегі судың мән-жайын анықтап, алдын алуға тапсырды. Ал, аула маңы бойынша алдағы уақытта қандайда бір шара қолданылатынын айтты. Мұнан соң, 2018 жылы «Ақмереке» ЖШС мердігерлігі орнатқан Сейфуллин көшесі, 31, 33, 35 үйлердің және Молдағұлова көшесі, 5,6 үйлердің маңындағы балалар ойнайтын алаңдардың бүгінгі жағдайын тексерді. Бүгінгі таңда орнатылған екі алаң да сын көтермейді. Мұндағы сырғанақтар мен әткеншектің істен шыққанын және әліде бекітілмеген орындықтар, спорт жабдықтарды, қоқыс жәшігін қатаң сынға алған әкім жауапты мердігер қалыпқа келтіріп, тапсыру қажеттігін қадап айтты. 

Одан әрі әкім бастаған топ Бөкейханов көшесі 119/1 үйдің алдына барды. Бұл жақтағы тұрғындар салбырап тұрған сымдарға шағымдануда. Сонымен қатар, бұрынғы арнаулы мектеп (спецшкола) қоршалып, үйлердің ортасында орналасқан шұңқыр қоқыстан тазартылып, жылу жүйесі тартылып жалпы көше абаттандырылса екен дейді. Қала әкімі Александр Аглиулин тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап беріп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Бөлегенге жол жөндеу бойынша арнайы бағдарлама жасауды тапсырды.

Бұдан басқа қала әкімі Александр Минвалиевич «Мәңгілік алау» ескерткіші жолына төселген кеспетасты тексерді. Қаланы аралау барысында жол белгілеріне назар аударып, қалыпқа келтіру қажеттігін ескертті.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

24°
В Балхаше: облачно, Влажность 23%, Давление 706, ветер 8 м/с

Валюта курстары

USD 378.93
Euro 423.00
Рубль 5.87

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх