Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

02.05.2019

ЫРЫС, БЕРЕКЕ, ЫНТЫМАҚ


«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше. Осыған орай бүгін М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайының саябағында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне арналған шара өтті. Мереке өзгеше сән-салтанатымен ұйымдастырылды.

Алдымен елімізді мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің «Достық» би-композициясы қойылып, әжелер шашу шашты. Жалпыұлттық думан әрі қарай ел бірлігін көрсетіп, ұлысты ұйыстыра түсетін атаулы күндердің бірі екенін тағы бір дәлелдей түсті. Ортаға шыққан өнерлі ұжымдар мен қаланың белгілі әншілері тату елімізді ән мен жырға қосса, мәдени ойын-сауық орталығының әншілері «Біз миллионбыз» әнін үш тілде әуелете шырқады. 
Ал, этно-мәдени орталықтардың өкілдері «Достық. Бірлік. Ынтымақ» ұранымен балқарағай ағаштарын отырғызып, «Достық аллеясы» деген атау берді. Этностарды қоғамдық бастамаларға ұйыстыру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту, патриотизмді дамыту, халқымыздың рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етуді мақсат еткен игі шара алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 
Мерекелік шара аясында спорттық сайыстар, асфальтқа сурет салудан байқау ұйымдастырылды. Бұл сайыстарға, әсіресе, балалар белсене қатысты. Бейбітшілік, ұлттар достығы тақырыбына салынған суреттерден көрме ұйымдастырылды. Қолөнер шеберлері де өз туындыларын жұртшылық назарына ұсынды. Сондай-ақ, шара аясында сауда жәрмеңкесі ұйымдастырылды.



Кері қайту

Ауа райы

33°
В Балхаше: ясно, Влажность 26%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 383.01
Euro 430.12
Рубль 6.10

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх