Құрметті қала тұрғындары!
2017 жылғы 26 шілде күні сағат 09.00-ден-17.00-ге дейін Қарағанды қаласының «Облыстық қан орталығы» КМК Балқаш қаласының Орталық ауруханасының базасында қан тапсырушы күнін өткізуді жоспарлап отыр.
Қан тапсырушы тексеріс қортындысы туралы ақпаратты алуға құқылы, сонымен қатар оған кепілдендірілген төлем мен орта жалақысы сақталатын екі күндік демалысқа анықтама беріледі.
2019 жылдың 25 сәуірі күні М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің 2018-2019 жж. жылыту маусымының аяқталуына орай ұйымдастырған дәстүрлі кеші өтті.
Мерекелік шарада қатысушылардың алдында құттықтау сөз сөйлеген шаһар басшысы Александр Аглиулин кәсіпорындар мен мекемелердің қалыпты қызметімен ең бір тығыз байланысқан дәл осы сала екендігін айтты. Әрбір үйдің, әрбір отбасының хал-ахуалы көп жағдайда коммуналдық сала қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігіне тәуелді болатындығын тілге тиек еткен қала әкімі коммуналдық сала қызметкерлері ауқымды міндеттерді шешу жолында бар күш-жігерін жұмсап келе жатқандарын да атап өтті.
Одан соң, 2018-2019 жылғы жылу беру кезеңін жоғарғы деңгейде өткізіп, еңбектегі жоғары көрсеткіштері мен белсенді қызметі үшін Балқаш қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен кәріз және дренаж желілері учаскесінің слесарі Абат Ногаев, ауа және кабельдік желілерді пайдалану учаскесінің шебері Әшірбек Төлендинов, көлік қосалқы станциясының электр жабдықтарын пайдалану жөніндегі электромонтері Амантай Абдрахманов, насос қондырғыларының машинисі Ольга Белякова, жылу желілеріне қызмет көрсету жөніндегі слесарі Кішіғали Батталов, насос қондырғыларының машинисі Шорман Садырбаев, қазандық цехының қазандық жабдықтары бойынша қараушы машинисі Юрий Богданов, электр цехының электр машиналарын жөндеу бойынша электр слесарі Бауыржан Ысқақов, электр цехының электр станцияларының жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтері Марат Сүлейменов, диспетчер Светлана Гит, 4 дәрежелі слесарь-сантехник Евгений Верник марапатталды.
Ал, Қоңырат ықшамауданы учаскесінің кәріз желілерінің слесарі Нұрлан Қажыкәрімовқа, учаске электромонтері Азат Аманқұловқа, тұрғын-үй жөніндегі инспекторы Гүлжамал Қасеноваға, тұрғын-үй мәселелері жөніндегі инспекторы Дархан Өміржановқа, жанармай-көлік цехының жанармай беру машинисті Ольга Горбуноваға, Химиялық цехының химиялық талдау зертханашысы Ольга Квашинаға, 4 дәрежелі слесарь-сантехник Олег Сулимовқа қала әкімінің Алғысхаты табыс етілді.
Салтанатты жиынның соңы қала өнерпаздарының мазмұнды концерттік бағдарламасына ұласты. Сахна төрінен төгілген жалынды жырлар, әсем ән мен толқынды би бәрі де шараның мәнін ашып, сәнін кіргізді.