Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

20.04.2019

Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні акциясы өтті.


Ағымдағы жылдың 20 сәуірі еліміздің барлық аймақтарында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» акциясы өткізіліп, аталмыш игілікті шараға балқаштықтар да біркісідей ұйымшылдықпен атсалысты. Қала әкімі Александр АГЛИУЛИННІҢ бастамасымен ұйымдастырылған шара М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайының саябағында өткізілді. 
«Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясына мәслихат хатшысы Қ.Тейлянов, қала әкімінің орынбасарлары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Жұманов, Балқаш қалалық «Кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер» одағының атқарушы директоры, облыс мәслихатының депутаты А.Аларин, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қала студенттері мен мектеп ұстаздары және оқушылар қатысып, олар 152 (үйеңкі, терек, қара ағаш, жеміс ағаштары) отырғызып, күтімге алды. Айтып өтейік, 2019 жыл - «Жастар жылы» болғандықтан, қаламыздағы жастар қай істің болмасын басы қасында жүреді. Аталмыш күні қала студенттері мен қала мектептері өздерімен бірге 100-ге жуық ағаш түптерін әкеліп, отырғызды. Алдағы уақытта да бұл игі іс жалғасын таба бермек. Биылғы жылы «СуЖылуТранс» КМК, «Горкомхоз» КМК, «Балқашэнерго» КМК әрқайсылары 100 түп тал көшеттерін отырғызады деп күтілуде. 

Бұл күні ағаш отырғызудан бөлек, сенбілік жұмыстары да өз деңгейінде өтті. Қалалық сенбілікке 3000-нан аса адам қатысып, 12 дана техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 80 гектар жер тазаланды. Сенбілік барысында әр мекеме өздеріне тиісті аумақтарды тазалап, ағаштарды әктеді. Сонымен қатар, Профилакторияға барар жолдардың маңайы да күл-қоқыстан тазартылуда. Бұл игі іс әлі де жалғастырылатын болады.



Кері қайту

Ауа райы

33°
В Балхаше: ясно, Влажность 26%, Давление 708, ветер 5 м/с

Валюта курстары

USD 383.01
Euro 430.12
Рубль 6.10

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх