Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk


Жаңалықтар

17.04.2019

КЕЗЕКТЕН ТЫС КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ


16 сәуірде «Nur Otan» париясы Балқаш қалалық филиалының кезектен тыс ХХVII конференциясы өтті. «Nur Otan» партиясы Балқаш қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Александр АГЛИУЛИН төрағалық еткен конференцияға қалалық мәслихат депутаттары мен мекеме, кәсіпорын, бөлім басшылары, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, партия белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты. 
Балқаш қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Секербекова Партия Төрағасы Н.Назарбаевтың партияның кезекті XVIII Cъезінде берген тапсырмаларын – «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын өңірімізде жүзеге асыру барысын талқылады. Мақсаты – қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту мен отбасылық қарым-қатынасты арттыру. Бірінші кезекте көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу басты міндет болып табылады. Қазіргі уақытта партия осы бағытта қалалық бөлімдермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс жүгізуде. Арнайы жұмыс тобы құрылып, халықпен тығыз байланыс орнатылды.

Сонымен бірге, қоғамдық қабылдаулар шарасы қолға алынды. Баяндамашы «Осында және қазір» приниципін сақтай отырып жедел мәселелерді шешу қажеттілігін де мәлімдеді. Бибігүл Мәжитқызының баяндамасын қалалық саяси кеңес мүшесі, «Бірлік» бастауыш партия ұйымы, қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшесі, қоғамдық келісім кеңесінің басшысы Лидия Власова, «Жас Отан» Жастар қанатының мүшесі, Балқаш көпсалалы колледжінің студенті Сержан Елшібеков қолдады.
Әр жобаны сапалы орындау - басты міндетіміз деді партия мүшелері. Қазір қала бойынша көп балалы және аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік картасы жасақталып жатыр. Балқаш қаласында 402 көпбалалы отбасы тұрады. Сәуір айының басынан бастап берілетін әлеуметтік көмектің жаңа форматы бойынша 384 адам өтініш берген. Оның ішінде, 34 отбасының атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттары қабылданған.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс 32-ші конференциясына қатысатын делегаттар сайланды. Олардың қатарында Балқаш қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Секербекова, «Nur Otan» партиясының Қарағанды облысы филиалының Саяси кеңес мүшесі, «Стоматология» бастауыш пария ұйымының төрағасы Қаныш Искаков бар. Және Кәсіпкерлер және өнеркәсіпшілер одағының менеджері Әнуар Қасымбеков шақырылды.



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

24°
В Балхаше: облачно, Влажность 23%, Давление 706, ветер 8 м/с

Валюта курстары

USD 378.93
Euro 423.00
Рубль 5.87

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх