Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

29.12.2017

Қала әкімі Балқаш қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Жаңа жылмен құттықтады


Жаңа 2018 жыл қарсаңында Балқаш қаласының  әкімі Александр Аглиулин  қалалық  балалар үйіне бас сұқты.
Қала басшысы балалар үйі тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылған жаңажылдық мерекелік шараға қатысты. Аяз Ата, Ақшақар, Мұзды Ару, Панда мен Микки Маустар мерекеге ерекше жылулық пен тамаша көңіл күй сыйлады.  Мереке үстінде әкім балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап,  олардың өз елінің лайықты азаматтары болып өсуіне тілек білдірді.
Бұдан кейін Александр Минвалиевич  балалар үйіне кір жуу машинасын сыйға тартты. Балалар да сыйлықсыз қалмады. Бұған дейін, қала әкімі әр бала үшін арнайы фотосессия ұйымдастырған болатын. Бүгін мереке барысында, әркімнің ең әдемі жеке суреті сыйға тартылып, балақайларды қуанышқа бөледі. Оған қоса, жаңажылдық қойылымның барлық 12 қатысушысына «тәтті сыйлықтар» тапсырылды.
Айта кетер жайт, 2017 жылы Балқаш қаласының отбасылық үлгідегі балалар үйіне 25 жыл толды, сол себепті қала әкімі «25» саны белгіленген үлкен тортты балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне арнайы сыйлады.
Балалар мәртебелі қонақтарға әндерін арнап, әсем билерін ортаға салды. Сонымен қатар қала әкімімен бірге шыршаны айнала әндетті.
Мереке соңында Александр Минвалиевич тәрбиеленушілерге алғысын білдіріп, оны жиі шақырып тұруларына өтініш білдірді.
Қала әкімінің баспасөз орталығы



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-27°
В Балхаше: ясно, Влажность 63%, Давление 733, ветер 6 м/с

Валют курстары

USD 324.65
Euro 397.66
Рубль 5.74

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2018 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2018 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх