Құрметті қала тұрғындары!
2017 жылғы 26 шілде күні сағат 09.00-ден-17.00-ге дейін Қарағанды қаласының «Облыстық қан орталығы» КМК Балқаш қаласының Орталық ауруханасының базасында қан тапсырушы күнін өткізуді жоспарлап отыр.
Қан тапсырушы тексеріс қортындысы туралы ақпаратты алуға құқылы, сонымен қатар оған кепілдендірілген төлем мен орта жалақысы сақталатын екі күндік демалысқа анықтама беріледі.
Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулиннің төрағалығымен қаламыздың 2017-2018 жылғы қыс¬қы жылу беру маусымының өту жағдайын пысықтау бойынша осы жылғы қортыныды жиналысы болып өтті.
Ағымдағы жағдай туралы Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Ануар Самиев баяндама жасады.
Ол сыртқы ауа температурасына сәйкес қазандықтардың жұмыс істеп тұрғандығын атап өтті. Жекелеген кемшіліктердің болғанымен жалпы жылыту маусымы қалыпты деңгейде өтіп жатыр деп айтуға толық негіз бар,- деді бөлім басшысы.
Осыдан кейін ЖЭЦ басшысы мен қызмет көрсетуші кәсіпорын басшыларының ақпараттары тыңдалды.
Оған қоса, жиын барсында қала әкімі білім, мәдениет және денсаулық бөлімдері басшыларының есептерін тыңдады. Жауаптылардың сөзінше, аталған мекемелерде жылу температурасының тиісті деңгейі сақталған.
Александр Аглиулин аталған кәсіпорындармен бірлесе отырып, жылыту маусымының өту барысын тағы бір пысықтап, әр басшыны мұқияттылық пен жауапкершілікке шақырыды.
Кеңес барысында, Саяқта орын алған жағдай да талқыға салынды. Аталған мәселе бойынша, олқылықтар жіберген азаматтар тиісті түрде жазаланатының, атап өтті қала басшысы.
Талқылау қорытындысы бойынша қала әкімі келе жатқан Жаңа жыл мерекесінде және алдағы уақытта әркімді өз жұмысына жауапты болуға шақырды. Сонымен қатар, апатты ситуациялармен күресу жұмыстарын күшейтуге бойынша тиісті тапсырмалар берді.
Қала әкімінің баспасөз орталығы