Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

20.12.2017

Қала әкімі жеке сұрақтар бойынша тұрғындарды қабылдады


Балқаш қаласының әкімі Александр Аглиулин қала тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша кезекті қабылдауын өткізді. Өзін толғандырған мәселелері мен сауалдарына нақты жауап алу үшін, әкім қабылдауына Жансара Жетпісбаева және Бақытгүл Хасихан жазылған.
Жалпы  қабылдау барысында Жамбыл көшесі бойындағы жекеменшік үйдегі жылу температурасының төмендігі, жеке кәсіп ашуға арналған жер телімін алу  мәселелері қаралды.
Кездесуге: «Балқаш қаласын тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары» ММ бөлімі басшысының орынбасары (Н.Бөлеген), «Балқаш қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы (А.Мамытова) және  КМК «Су Жылу Транс» бас инженері  қатысты.
Бірінші сұрақ бойынша олқылықтарды жою шаралары жүргізіліп, азаматшаның тұрғын үйіндегі жылу температурасы қалпына келтірілді. Қала әкімі оған қоса, КМК «Су Жылу Транс» қызметкерлерінен қала бойынша жылу температурасының дұрыс деңгейін сақтауды талап етті.
Екінші сұрақ бойынша (кәсіп ашуға жер телімін алу), мәселе егжей- тегжейлі қаралып, тиісті мекеме басшысына істің дәйектілігін мұқият зерделеуге тапсырма берілді.
Қала әкімі бекітілген кестеге сәйкес аптаның әр сейсенбісінде тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізеді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-1°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 87%, Давление 713, ветер 6 м/с

Валюта курстары

USD 364.35
Euro 419.95
Рубль 5.56

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2018 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2018 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх