Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

18.12.2017

Кел, құшақтасайық!


Кел, құшақтасайық! Желтоқсан айының аязды дүйсенбісінде, "Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ белсенділері қала тұрғындарына жылы ниетін, жібек пейілін сыйлады. Бұрын көріп-білмеген бейтаныс азаматтарды әртүрлі кейіпкерлердің киімін киген қала жастары құлашын кеңге жайып, жандарына жақын тартты.
Қалада аязды қыс басталып кетті, сол себепті қала тұрғыдарына жылу мен көтеріңкі көңіл күйді сыйлауды жөн көрдік,- дейді "Балқаш қаласының жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы Расул Касенхан.
Негізі бұл шараға арналған арнайы мереке бар, ол 21 қаңтар күні бүкіл әлемде - Халықаралық құшақтасу күні ретінде атап өтіледі.Бірақ Балқаш жастары бұл күнді күтпей- ақ, қақаған қыстың қақ ортасында достық құшақтасу арқылы тұрғындарға  жан жылуын сыйлады.
Ал психологтардың сөздерінше, күніне кем дегенде 8-рет құшақтасып тұру керек екен. Бұл көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, денсаулығыңызды жақсартады. Иммунитетіңізді айтарлықтай көтереді.

Балқаш қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-27°
В Балхаше: ясно, Влажность 63%, Давление 733, ветер 6 м/с

Валют курстары

USD 324.65
Euro 397.66
Рубль 5.74

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2018 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2018 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх