Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

05.05.2017

Құрметті балқаштықтар! Құрметті Ұлы Отан соғысына қатысушылар, еңбек майданының ардагерлері, қала қонақтары!


Баршаңызды Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 
Ұлы Отан соғысы жылдарында қолына қару алып, Отанымызды жаудан қорғауға қатысқан ержүрек ағаларымыз бен тыл майданында қайсарлықпен еңбек етіп, Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан ағаларымыз бен апаларымызға мың да бір тағзым. Ер етікпен су кешкен сол бір сұрапыл жылдары майданда да, тылда да жанқиярлық жолдан өткендер үшін Жеңіс күні ең қасиетті де шұғылалы күн болмақ. Бұл жеңіс бүкіл елімізге, жер бетіне бейбітшілік пен тыныштық әкелді, соғыстан соң өрлеу кезеңін әкелді. Бүгін біз білеміз, тәуелсіздігіміз бен еркіндігіміз үшін ардагер ағаларымыз жанын шүберекке түйіп, жауға  тойтарыс бергенін. Сондықтан да, Ұлы Жеңіс күні қарсаңында біз соғыс құрбандарының рухына тағзым етеміз. Бүгін де біздің еліміз ұлы Жеңісті жақындатуға үлес қосқан соғыс ардагерлеріне зор құрмет көрсетуде. Мемлекет тарапынан жасалып отырған қамқорлықты Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауынан айқын аңғаруға болады. Онда Мемлекет басшысы халықтың әл-ауқатын көтеруге, зейнетақы мен жәрдемақы көлемін өсіруге баса назар аударған. Біздің ардагерлеріміздің өмірлік бай тәжірибелері қазіргі адамдардың бүгінгі қиындықты жеңуіне үлгі болады деп есептейміз.
Соғыс жылдары біздің қаламыздан майданға 8 мың адам аттанып, майдан даласында ұрысқа қатысты. Солардың  ішінде  бес жерлесіміз –Закір  Асфандияров, Петр Миллер, Николай Подсадник, Вера Хоружая, Олег Щербаков Кеңес  Одағы Батыры, екі адам- үш дүркін «Данқ» ордендерінің иегері.Ұлы Жеңістің  72 жылдығын  5 Ұлы Отан соғысының ардагері,816 тылда еңбек еткендер қарсы алмақ. Біз, балқаштықтар жауға атылған әр 10 оқтың 9-ы Балқаш мысынан жасалғанын әр кезде де мақтан етеміз. Біз-металлургтердің, кеншілердің, байытушылардың, құрылысшылардың, жалпы, қала еңбеккерлерінің ерлікке пара-пар еңбегі солдаттың өшпес ерлігімен қатар Жеңіс күнін жақындатуға жұмылғанын мақтан етеміз.
Құрметті балқаштықтар!
Біз бұл Жеңістің оңайлықпен келмегенін білеміз, сондықтан да, майдан даласынан оралмаған ерлер рухына мәңгі тағзым етеміз. Тәуелсіздігіміз бен бостандығымыз үшін, ел мен жердің еркіндігі үшін бастарын ажалға тіккен ерлер есімін мәңгі ардақтап, құрмет тұтамыз. Баршаңызды ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, отбасыларыңызға береке-бірлік, ашық аспан, бейбіт өмір, мол бақыт тілейміз!

Александр Аглиулин,
Балқаш қаласының әкімі
 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 3 м/с

Валют курстары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх