Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

05.05.2017

Құрметті Қазақстан Қарулы Күштерінің қызметкерлері және ардагерлері!


Қадырменді балқаштықтар!
Баршаңызды нағыз патриотизімнің үлгісі болып саналатын Отан қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
  Мойнына үлкен жауапкершілік артып, Қарулы Күштерде қызмет етіп жүрген әрбір азаматттың Отанның тыныштығын күзетіп, мемлекет қауыпсіздігін кірпік қақпай қадағалап жүргенін бәріміз мақтанышпен айтамыз.
   1992 жылдың 7 мамырында Мемлекет басшысы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Отанымыздың Қарулы Күштерін құру” туралы Жарлығыққа қол қойды.  Бүгінде сол Жарлық өзінің нәтижесін беріп, мемлекетіміз заманауи және кәсіби әскер құрып, іргесі берік қуатты күшке айналып отыр. Ерлік пен елдікті, еңбек пен тәуекелдікті насихаттайтын әскери қызыметкерлердің арқасында Отанымыз бейбітшілікті ту етіп, экономикамыз дамып, халқымыз берекелі ғұмыр кешіп келеді. Осы тұрақтылығымыздың кепілі болып саналатын Қазақстан Қарулы Күштері биыл өзінің 25-жылдық мерейтойын отап өтіп отыр.
   Мемлекет экономикасымен қоса біздің  әскерімізде жыл сайын дамып, қуатты күшке айналып отыр. Осы салаға республикалық қазынадан бөлінетін қаржы да уақыт өткен сайын еселеп артып келеді. Әскери мамандардың да әлеуметтік жағдайы үнемі күн тәртібінен түскен емес. Себебі Отанның тыныштығы, туған елдің амандығы – олардың басты азаматтық борышы.  Әлбетте  бәрінен қымбат Тәуелсіздігімізді қасық қаны қалғанша қорғау барша қазақстандықтардың ең басты парызы. Сіздердің бойларыңыздағы туған елге, туған жерге деген потриоттық сезім келешек ұрпаққа үлгі әрі сабақ тәрбие болары сөзсіз. Тарихымызда Отан үшін отқа түскен батырларымыздың ерлік жолын жалғастырған бүгінгі заманымыздың қаһармандары біздің қорғанымыз, біздің абыройымыз.
   Осынау 25-жылдың ішінде өзінің жоғарғы кәсіби бірнеше дайындығын көрсеткен біздің сарбаздарымыз өздерінің қуатты, күшті әскер екенін басқаларға бірнеше рет дәлелдеп үлгерді.
   Білектің күшімен, найзаның ұшымен ат ауыздығымен су ішкен заманда ел іргесін көзсіз ерлікпен қорғаған батыр бабаларымыздың ұрпағы мына ұлан ғайыр жердің аманат етіп қалдырғанын естен шығармауы керек. Осы аманатты берік ұстанып келе жатқан әскери қызыметкерлер мен  қосалқы құрамдағы сардалар және ардагерлерге айтар алғысымыз шексіз!
    Құрметті Отан қорғаушылар! Қадырменді жерлестер!
Баршаңызға қажымас қайрат, зор денсаулық бақыт пен сәттілік тілейміз! Еліміз аман, Отанымыз тыныш болсын!
  
Александр Аглиулин
Балқаш қаласының әкімі



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

12°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 67%, Давление 715, ветер 5 м/с

Валют курстары

USD 340.35
Euro 405.46
Рубль 5.87

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх