Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

09.04.2017

Құрметті балқаштықтар!


1937 жылдың 11-сәуірінде маңызды да тарихи оқиға – Прибалхашстрой  кенті Балхаш қаласы мәртебесіне ие болды. Еңбегі мен мәдениеті  бай, өткені мен болашағы бірегей қайталанбас қалаға айналды.
Құрылыс және еңбек жолы тарихы бойынша Балқаш барлық  ұрпаққа үлгі болуға лайық.  Қандай да тарих кезеңдерінде қаламыздың мықты өркениет танытуымен біз мақтанамыз!
Жаппай ашаршылық және саяси қуғын кезінде Балқаш мыңдаған өзге елдік азаматтардың екінші Отаны болды. Ұлы Отан Соғысында  жеңіске жетуімізге де металлургтер қаласының айтарлықтай үлесі зор.
Бүгінгі Балқаш алдыңғы толқындардың салып кеткен жолын жалғастырып, күннен-күнге даму үстінде. Сөзсіз, өзінің туған қаласының табыстан табысқа жетіп, гүлденуіне әрқайсыларыңыздың еңбектеріңіз бар.  Әрбір қаланың келбеті оның тұрғындарының бет-бейнесі. Туған қаламыздың өнеркәсібінің, мәдениеті мен ғылыми жетістіктерге жетуі сіздердің жанкешті еңбектеріңіздің арқасы.
1992 жылы ұлт Көшбасшысы, Президент Н.Ә.Назарбаев  ең алғаш қаламызға ат басын бұрып, комбинаттағы кездесуде: «Мен Балқашпен мақтанамын» деген болатын.  Бұл құрмет қаламыздың тұғырын қалап,  тұрғызған адамдарға деген үлкен сый еді.
Биыл қаламыз 80 жылдық мерейтойын атап өтпекші. Бұл мереке -  оның дамуы мен көркеюі үшін рухани, мәдени жағынан, қажырлы еңбегін аямаған барлық балқаштықтардың мерекесі.  Сондай-ақ, арнайы құрметке қала ардагерлері мен қала құрылысына ат салысқан құрылысшылары ие екені даусыз, олардың біздің қаланың, еліміздің дамуына қосқан үлестері, өмірбаяндары, еңбектері тарих беттеріне жазыла бермек.
Құрметті балқаштықтар және қала қонақтары!
Осындай айтулы күнде Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, отбасы шаттығы және де қаламыздың әрі гүлденуіне тілектеспін!
Біздің Тәуелсіз Қазақстанымыз да, әр отбасында бейбітшілік пен келісім орын алсын!

Александр Аглиулин,
Балқаш қаласының әкімі
 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 46%, Давление 704, ветер 5 м/с

Валют курстары

USD 327.63
Euro 365.73
Рубль 5.48

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх