Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

18.03.2017

ҚҰРМЕТТІ БАЛҚАШТЫҚТАР!


Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
   Ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан бұл мерекенің әлем халқы үшін алатын орыны ерекше. Себебі бұл мейрам адамзатты бірлік пен берекеге, түсіністік пен ізгілікке шақырады. Сонымен қатар барлық тіршілік атауының бойына қуат, жер-анаға шуақ төгетін және махаббат пен мейрімділіктің дәнекері ретінде құнды.
Татулық пен тыныштықты ту етіп қаншама ұлт пен ұлысты айрандай ұйытып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты да бүгінде әлем жұртына үлгі болып отыр. Осындай салт-дәстүріміздің арқасында бейбітшілікті бағалау, біздің қанымызға сіңген қасиет.
   Мемлекеттік мереке ретінде аталып өтетін наурыз мейрамы республикамызда тұратын әрбір ұлттың өнері мен мәдениетін насихаттауға зор мүмкіндік беретін айтулы күн. Бұл қазақ елінің ұранына айналған “Мәңгілік ел” идеясының айрықша белгісі деп айтуға толық негіз бар.
Биылғы Ұлыстың ұлы күні қаламыздың 80-жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Осы жылдары өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші мен қоғамдық-саяси белсенділігі ауыз толтырып айтарлықтай белестерді бағындырып отыр. Бұл барша қала тұрғындарының еңбегі екені сөзсіз. Білімді, еңбекқор, қуатты, дарынды адамдар – Балқаштың басты байлығы. Осы арада бізге үлкен тәжірбиесімен жол көрсеткен алдынғы буын ардагерлерге алғысымыз зор. Оларды қолдап, ынталандырып отыру біздің назарымыздан тыс қалған емес. Аймағымыз осындай күш біріккенде ғана дамып, көркейе түседі.
   Құрметті балқаштықтар және қала қонақтары!
  Тағы бір мәрте баршаңызды ең ғажап мейрамымыз – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрқайсыңызға зор денсаулық тілей отырып босағаларыңыздан ырыс пен бақ кетпесін. Наурыз мейрамында армандарыңыз орындалып, шаңырақтарыңыз шаттыққа кенелсін!
     
Александр Аглиулин 
Балқаш қаласының әкімі



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 3 м/с

Валют курстары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх