Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

15.03.2017

Құрметті соғыс, еңбек, Қарулы Күштері және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ардагерлері !


Сіздердің республикалық ардагерлер қозғалысының 30 жылдық мерейтойларыңызға деген шынайы  құттықтауымызды қабыл алыңыздар!
     Барлық жақсылықтарыңыз үшін біз сіздерге мәңгі қарыздармыз. Сіздердің  жас кездеріңіз  соғыстан кейінгі ауыр жылдарда халық шаруашылығын қалпына келтіру мен одан кейінгі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту жолындағы ауыр кезеңде өтіп, барлық уақытта патриоттық, табандылық, еңбексүйгіштік және өмірді сүю үлгісін көрсеттіңіздер. Сіздердің әрқайсысыларыңыз бойларыңыздағы мол тәжірибелеріңіз бен таланттарыңыздың арқасында бүгінде біздің сүйікті қаламыз өсіп-өркендеп келеді. Өскелең ұрпақтың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен  патриоттық  сезімді  ұялатқандарыңыз үшін құрмет пен шексіз алғысқа лайықсыздар. Мемлекет басшысы, ұлт Көшбасшысы  Н.Назарбаев  «мемлекет әрқашан соғыс және еңбек ардагерлерін үнемі қолдап отырады» деп бірнеше рет атап көрсеткен болатын.
     Міне, 30 жыл бойында қалалық ардагерлер Кеңесі ең танымал ұйымдастырушы, әлеуметтік маңызы зор ұйым болып табылады. Біз сіздердің  ардагерлер ұйымының өзінің 30 жылдық мерейтойына қанаты қатайған бай тәжірибесімен  келгеніне қуаныштымыз. Сондықтан да ардагерлер  ұйымының жасаған еңбектері және белсенді азаматтық кеңесіне мың да бір рахмет!
     Біздің ардагерлер бастамасының жұмысы қаламызда ғана емес, облыста және республикада кең де жетекші, айқын орын алады. Биыл біздің Балқаш қаласының 80 жылдық белгісі,аға буын және қала құрдастарының сүйікті қаламыздың болашақ гүлденуіне өлшеусіз үлес қосқан еңбектерінің нәтижесі екенінен көрінуде.
      Ардақты ардагерлер! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, бақытты шаттық, шаңырақтарыңызға береке, ұрпақтарыңызбен баянды ғұмыр кешулеріңізге тілектеспіз!     
 
     
      Александр Аглиулин                                            Қадыржан Тейлянов
      Балқаш қаласының әкімі                                      мәслихат хатшысы   



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 3 м/с

Валют курстары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх