Балқаш қаласы әкімдігі Ресми сайт
poisk

Жаңалықтар

06.03.2017

Қымбатты әйелдер!


   Сіздерді көктемнің ерекше мерекесі - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн көктемгі сұлулық пен үміттің салтанаты болып табылады.Әйел-ана ғана бойымызға ерекше жылылық пен нәзіктікті сіңірген.
   Әйелдің қайырымы, махаббаты мен ізгілігі қашанда кез келген қиындықты еңсеруге , қоғамдағы жоғары моральдық құндылықтарды сақтауға ықпал етіп, түрлі ұлт өкілдері мен буындардың арасында келісім мен бірлікті нығайтуға дәнекерлік етіп келеді.
    Мемлекет басшысы,ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әйелдердің қоғамдағы рөлі туралы айтқанда, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуымыз бен дамуға қол жеткізуіміздегі әйел-аналардың еңбегінің зор екенін бірнеше рет атап көрсеткен болатын.
    Қаламыздың өндірістік және саяси қоғамдық өмірінде нәзік жандыларымыз экономика, саяси, әлеуметтік және басқа дв салаларда жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, белсенділік танытуда. Олар  отбасылық ошақты сақтаушылар ғана емес,білім деңгейі жоғары,көшбасшылыққа бейім, табысқа қол жеткізетін жандар.
   Біздің баға жетпес қазынамыз  қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтап, үдемелі дамуды қолдау. Біздің міндетіміз,  «Мәңгілік Ел» негіздерін нығайтып,отбасы   әл-ауқатын қамтамасыз ету, ертеңгі күнге деген ел сенімін нығайтып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру болып табылады.
    Біз Отанымыздың игілігі үшін жанын салып,ешқандай күшін аямаған соғыс және еңбек ардагері,аға буын өкілдері, әйел-аналарды  әрқашанда құрмет тұтамыз. Сіздердің мейірімділік пен еңбексүйгіштіктеріңізге,төзімділік пен даналықтарыңызға бас иеміз.
   Қымбатты әйелдер,ардақты аналар мен қарындастар! Сіздерді шын жүректен 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз!  Осынау көктемнің шуақты мерекесінде сіздердің құрметтеріңізге өте жылы сөздер айтылсын! Мықты денсаулық, зор бақыт, өмірдегі барлық армандарыңыз орындала беруіне тілектеспіз !!!  

  Александр Аглиулин                                                    
  Балқаш қаласының әкімі                                               
 



Кері қайту

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 44%, Давление 728, ветер 3 м/с

Валют курстары

USD 331.00
Euro 390.32
Рубль 5.59

Дауыс бер

Получали ли Вы электронные услуги на портале электронного правительства? ОтветитьАрхив опросов
Система Orphus
© 2007-2017 ГУ «Информационный портал акимата города Балхаш» При использовании материалов сайта ссылка на источник обязательна
Яндекс.Метрика
© 2017 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх