Құрметті қала тұрғындары!
2017 жылғы 26 шілде күні сағат 09.00-ден-17.00-ге дейін Қарағанды қаласының «Облыстық қан орталығы» КМК Балқаш қаласының Орталық ауруханасының базасында қан тапсырушы күнін өткізуді жоспарлап отыр.
Қан тапсырушы тексеріс қортындысы туралы ақпаратты алуға құқылы, сонымен қатар оған кепілдендірілген төлем мен орта жалақысы сақталатын екі күндік демалысқа анықтама беріледі.
20 мамырда Бокс орталығында WSB Дүниежүзілік Бокс Сериясының жетінші маусымы шеңберінде плей-офф кезеңіндегі қарсы үй кездесуі өтеді. «Astana Arlans» рингте ресейлік «Patriot boxing team» командасына қарсы шығады.
Қазақстандық топ осыған дейін маусым басында «Патриоттықтармен» кездескен болатын. Ол жарыста біздің боксшыларымыз 2:3 есебімен жеңіске жеткен еді. Сонымен қатар қазақстандықтар Өзбекстан мен Қытай елдерінен келген қарсыластарынан басым түсті. Ал «Patriot boxing team» өзбек тобына есе жіберіп алып, қытайлық «China dragons» командасын жеңген болатын.
Бүгінгі таңда «Astana Arlans» Дүниежүзілік Бокс Сериясының жетінші маусымының қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленіп тұр.
Ертең қазақстандық боксшыларға турнирлік кестедегі орындарын сақтап қалу үшін жекпе-жекте бар күштерін салуға тура келеді. Рингке Олжас Сәттібаев, Закир Сафиуллин, Асламбек Шымбергенов, Арман Рысбек және қарағандылық Дмитрий Зиско шығады. Егер шот тең болса, тағы бір жекпе-жек өткізіледі. Команданың намысын супер ауыр салмақты Нұрсұлтан Аманжолов қорғайды.
Бүгін ертеңгі жекпе-жекке қатысты баспасөз мәслихаты өтті.
- Бокста алдын ала болжам жасауға болмайды, - деді баспасөз мәслихатында команданың бас жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрепов. – Біз барлығы жақсы болады деп үміттенеміз, жәнеде Қарағандыға әсем де әсерлі бокс көрсетеміз деп уәде береміз. Қарағанды – дарындылар мекені. Мұнда бокстың нағыз жанкүйерлері тұрады. Оларға жекпе-жек ұнайды деп ойлаймын.
Бүгін сонымен қатар былғары қолғап шеберлерінің салмағын өлшеу салтанаты өтті. Оның қорытындысы бойынша супервайзер барлық боксшылардың салмақтары мәлімделген санаттарға тиесілі салмақтармен сай келгенін, жәнеде рингке жоспардағыдай шығуларына болатынын жеткізді.
Все новости региона