Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

01 Сәуір 2020
Аймақтағы карантин: Теміртауға кіру және шығу шектеледі

Бір өлім-жітім жағдайына қатысты Теміртау қаласын жабу туралы шешім қабылданды. Қалаға кіру және шығу аумақтарында үш блокпост орнатылады. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің ресми өкілі, Saryarqa телеканалында өткен брифингте хабарлады.

- Бүгін СOVID-19 ауруымен ауырған пациенттің қайтыс болуын ескере отырып, бірнеше сағат бұрын Теміртауды жабу және бұғаттау туралы шешім қабылданды. Үш блокпостың орны анықталды. Олар қалаға кірер жолда – Металлургтер шеңберлі жолында, Чкалов кентіне барар жолда – 4а кварталында, Ақтау кентіне шығар жолда – орман шаруашылығында орналасады, - деді Жанатай Сембеков.

Оның айтуынша, сондай-ақ, Теміртаудан шығар қосалқы жолдарда да қосымша шаралар қабылдануда. Жолдың жанында үйінді жасалып, темір бетон блоктар орнатады және қоршау шұңқырларын қазады.

Медициналық және санитарлық қызмет, құқық қорғау органдары, құтқарушылар мен коммуналдық қызмет, сондай-ақ авариялық қызмет мамандарына шектеу қойылмайды. Сондай-ақ жүк тасымалы, инкассаторлар және салт-жоралық қызметтерге де рұқсат етілген. Мұндай жағдайларда блокпост арқылы өту үшін растайтын құжаттар: жеке куәлікті, қызметтік куәлікті немесе жұмыстан анықтаманы ұсыну қажет.

Санитарлық-карантиндік ережелерді қатаң сақтау қажет. Қалаға кірушілерде медициналық маскалар, резеңке қолғаптар және санитайзерлер болуы тиіс.
Екінші сәуірден бастап карантиндік аймаққа кіруге және шығуға тыйым салынады. Ол аумаққа Қарағанды, Абай, Саран және Шахтинск кіреді. Барлық учаскенің периметрі бойынша 7 блок бекеттер орнатылды. Сонымен қатар, облыс бойынша 15 санитарлық бекет ұйымдастырылды, оның үшеуі карантиндік аймақ ішінде орналасқан.

Блок бекеттерде полиция қызметкерлері, оның ішінде шұғыл әрекет ету арнайы жасағы, сондай-ақ санитарлық қызмет өкілдері мен әскери қызметшілер жұмылдырылған. Санитарлық бекеттерде жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығы тексеріледі. Аталмыш бекеттер арқылы өтуге жол ашық.

Қарағандылықтарды карантин кезінде қарт туыстарға қалай баруға болатыны толғандырады. Туған-туыстарға қамқорлық жасаймыз дегендерге айыппұл тағылмайды ма?
Жанатай Сембеков бұл сұраққа келесідей жауап берді:
- 65 жастан асқан адамдарға далаға шықпауға кеңес берілді. Әрине, олар көмекке мұқтаж. Әжелер мен аталарды азық-түлікпен, дәрі-дәрмектермен және барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етіңіздер. Бірақ қариялардың денсаулығына қауіп төндірмеу үшін, ондай келулер жиі болмауы керек. Егер полиция қызметкерлері сізді тоқтатса, жағдайды сабырлы түрде түсіндіріңіздер. Егер сіз растаушы құжаттарды көрсете алатын болсаңыз, тіпті жақсы. Алаңдаудың және жанжал шығарудың қажеті жоқ. Полиция қызметкерлері айыппұл салуды мақсат етіп отырған жоқ. Біздің ортақ мақсатымыз – заң және ереже бұзушылықтарды болдырмау. Карантин талаптарына түсіністікпен қараңыздар.

Елімізде ТЖ режимі енгізілген сәттен бастап қоғамдық тәртіпті сақтау күшейе түсті, деп атап өтті спикер. Полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 714, ветер 2 м/с

Валюта курстары

USD 411.54
Euro 458.13
Рубль 5.84

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх