Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

01 Сәуір 2020
Қарағанды облысында ТЖ әрекет ету кезеңіне интернет жылдамдығы арттырылады

Аймақтың интернет провайдерлері деректерді беру арналарының өткізу қабілетін арттырады. Бұл төтенше жағдай кезінде интернет жылдамдығына оң әсер етеді. "Қазақтелеком" АҚ және "Транстелеком" өз абоненттерін белгіленген байланыс қызметтерінен, Интернетке қол жеткізуден және қарыз болған жағдайда сандық теледидардан ажыратпайды.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді ақпараттандыру және мұрағаттар басқармасы басшысының м.а. Константин Ильницкий өңірде үздіксіз интернет-қосылысты қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қолданатыны туралы тікелей эфирде айтып берді.

Төтенше жағдай режимі кезеңінде ведомство байланыс операторларымен халықты қолдау шаралары туралы тұрақты келіссөздер жүргізеді.
- "Қазақтелеком" және "Транстелеком" компаниялары абоненттерді қолдауға және карантиннің әрекет ету кезеңінде қызметтерді төлеу бойынша берешегі бар адамдарды интернет желісінен ажыратпауға шешім қабылдады. "КазТрансКом" өздеріне қосылған білім беру мекемелері үшін деректерді беру арналарының өткізу қабілетін арттырады, - деді Константин Ильницкий.

Ол сондай-ақ, "Билайн", Кcell және "Теле2" ұялы желілерінің операторлары білім беру ресурстары мен ЖОО-ның сайттарына, электрондық анықтамалық деректер базасына, онлайн-күнделікке, электрондық білім беру порталдарына сертификатталмаған қолжетімділікті ұсынады. Бұл платформаларды трафик есебінсіз, тіпті интернет-тарифтері шектелген адамдар пайдалана алады.

Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 417 ауылдың 244-і кең жолақты интернетке және төртінші буындағы мобильді желіге қосылған. Биыл мемлекеттік-жеке меншік серіктестік бағдарламасы бойынша бұл қызметтерді тағы 54 ауыл алады.
Одан кейін аймақта 250 адамнан астам халқы бар 84 ауылды интернетпен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асыруға кіріседі.
Интернет байланысы мен тарифтерге қатысты сұрақтарды 109 бірыңғай нөмірі бойынша немесе интернет провайдеріне қоңырау шалып, қоюға болады. 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 714, ветер 2 м/с

Валюта курстары

USD 411.54
Euro 458.13
Рубль 5.84

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх