Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

01 Сәуір 2020
Ешкім қолдаусыз қалмайды – ТЖ режимі кезеңінде әлеуметтік көмек

Ешкім қолдаусыз қалмайды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзін-өзі жұмыспен қамтыған, сондай-ақ бейресми жұмыс істейтіндерге көмек көрсетуді тапсырды.

Әлеуметтік төлемдерді қалай алуға болатынын Saryarqa телеарнасында тікелей эфирде өткен брифингте жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсем Жүніспекова, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ облыстық филиалының директоры Зәуреш Молдаева айтып берді.
Азық-түлік-тұрмыстық жиынтық келесідей санаттарға тиесілі: АӘК алушыларға; I, II және III топтағы мүгедектерге; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға; ресми тіркелген жұмыссыздарға.
Бұл көмекті алу үшін ешқандай өтініш беру қажет емес. Тізімдерді мемлекеттік органдар өздері қалыптастырады.
Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік-тұрмыстық жиынтық алушылардың шоттарына аударылатын соманы анықтайды. Төлемдер 30 наурыздан бастап төлене бастады.
АӘК алу автоматты түрде ұзартылады. Бұл қолдауға алғаш рет өтініш білдіргендер egov.kz электрондық үкімет порталында өтінім бере алады.

- Төтенше жағдай кезінде біз жұмысқа орналастыру бойынша Жол картасын әзірледік. Облыста 16 мың жұмыс орны құрылады, оның 8 мыңы - жұмыспен қамту орталықтарының қатысуымен. Жұмыстан айырылғандар үшін "Еңбек" бағдарламасы бойынша "Бастау бизнес" курстарында қашықтықтан оқытуды ұсынамыз. Осыдан кейін өз ісін ашуға гранттар, шағын несиелер алу мүмкіндігі бар. Жұмыспен қамтудың жастар тәжірибесі, қоғамдық жұмыстар секілді басқа да тәсілдері бар, - деді Әсем Жүніспекова.

Жұмыссыз мәртебесін енді бұрынғыдай он күн емес, үш күн ішінде ресімдеуге болады, деп атап өтті спикер.
Бос жұмыс орындарын көру үшін enbek.kz электрондық еңбек биржасында тіркелу қажет.
Зәуреш Молдаева -әлеуметтік төлемдер тәртібін түсіндіріп берді.
Жұмыссыз қалған өңір тұрғындары 42 500 теңге жәрдемақы ала алады.
- 42 500 теңге мөлшерінде төлем ШОБ субъектілерінің қызметкерлеріне, карантин енгізілген қалалардағы ірі кәсіпорындардың қызметкерлеріне, жеке тәжірибемен айналысатын тұлғаларға тиесілі. Олардың қатарында заңгерлер, нотариустар, медиаторлар және басқалары бар. Сондай-ақ, бұл санатқа бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер - репетиторлар, жеке тасымалдаушылар және басқалар кіреді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік төлемдермен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бейресми жұмыс істейтіндер де қамтылатын болады. Барлық өтініштер қаралатын болады, - деп атап өтті МӘСҚ филиалының басшысы.
Әлеуметтік қолдаусыз ешкім қалмайды, деп сендірді спикерлер.

- Мемлекет төтенше жағдай режимі кезінде қолдау көлемін кеңейтті. Егер сіз ресми мәртебеңіз болмаса, БЖТ төлеуіңіз қажет. Сонан соң әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш білдіре аласыз, - деді Әсем Жүніспекова. 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

28°
В Балхаше: ясно, Влажность 25%, Давление 714, ветер 2 м/с

Валюта курстары

USD 411.54
Euro 458.13
Рубль 5.84

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх