Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

31 Наурыз 2020
Қарағанды облыстық Ortalyq Qazaqstan газетінде жаңа бас редактор тағайындалды

Бүгін, 31 наурызда, Saryarqa aqparat медиахолдинг директоры Қамбар Ахметовтың өкімімен белгілі журналист Ерсін Мұсабеков Ortalyq Qazaqstan аймақтық газетінің бас редакторы болып тағайындалды.

Ерсін Кәрібайұлы Мұсабеков 1974 жылы 12 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылында дүниеге келген.
1991 жылы туған ауылындағы орта мектепті алтын медальмен тәмамдап, Жезқазған педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түскен. Ерсін Мұсабековтың үш жоғары білімі бар: Жезқазған пединституты, Қазақ-Ресей журналистика университеті және академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті. Біліктілігі бойынша қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, журналистика бакалавры, қаржы бакалавры.
1999 жылдан бастап журналистика саласында жұмыс істейді. Қарағанды облысы әкімінің және Қазақстан Журналистер одағының «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты, «ҚР Ақпарат саласындағы үздігі» белгісінің иегері, «Бейбітшілік Әлемі» және басқа да медальдарымен марапатталған. Публицистикалық жинақтардың авторы.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ortalyq Qazaqstan газеті бас редакторының бірінші орынбасары болды.
ortalyq.kz
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

22°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 29%, Давление 719, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 399.67
Euro 452.95
Рубль 5.82

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх