Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

28 Наурыз 2020
Жақындарымызға көмек: сайтқа кіріп, ерікті бол

Қарағандылықтарды төтенше жағдай режимі кезінде қарт адамдарға көмек көрсетуге шақырады. Енді https://ba09.kz/ сайтына өтініш беріп, волонтер болуға болады.

Бірыңғай онлайн-платформаны қарағандылық Belsendi Azamat IT-мамандары құрды. Сайтта азық-түлік, сусындар, азық-түлік емес тауарлар мен дәрі-дәрмектерді тегін жеткізуге тапсырыс беруге болады.

Мұнда "курьер болу" функциясы бар. Оны жұмыс іздеген ондаған адам пайдаланды.
Сондай-ақ, сайт мұқтаждарға қол ұшын созғып, көмек көрсеткісі келетіндер үшін өзіндік жолсерік болды. "Волонтер болу" жаңа функциясы ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасының, сондай-ақ Senim109 қызметінің және жұмыспен қамту орталығының қолдауымен іске асырылды.
Әрекеттер өте қарапайым. Ол үшін тек аты-жөні, телефон нөмірі және мекен-жайы көрсетілген өтінімді жіберу керек. Ақпарат автоматты түрде жалпы деректер базасына түседі.
Әрі қарай ол келесідей жұмыс істейді:
сізбен үміткер мәліметтерін тексеру үшін Senim 109 операторы хабарласады - бұл зейнеткерлерді алаяқтардан қорғау үшін қажет;
Жұмыспен қамту орталығы еріктіге жақын қарт адамның мекен-жайы мен байланыс телефонын береді.

Волонтерлер қарт адамдарға дүкен мен дәріханаға барып, қоқыс шығаруға көмектесетін болады. Бұл қазіргі уақытта өте қажет көмек, себебі 65 жастан асқан адамдар қауіп-қатер аймағында және оларға үйден шықпауды ұсынады.
https://ba09.kz / сайты үнемі жаңартылып отырады. Ол смартфондарда да пайдалануға ыңғайлы бола түсті. Авторлар блоктардың құрылысын қайта қарап, ресурсты жаңа ақпаратпен толықтыруда.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

27°
В Балхаше: ясно, Влажность 31%, Давление 714, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 411.54
Euro 458.13
Рубль 5.84

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх