Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

25 Наурыз 2020
Қарағанды облысының ірі кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейді

Қарағанды облысында ірі өндірістік кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді. Компаниялар кеңседегі қызмеркерлерін қашықтықтан істейтін жұмыс режиміне ауыстырды. Объектілерде санитарлық-дезинфекциялық режим күшейтілген.


"Қазақмыс" корпорациясы медициналық куәландыру орындарының санын арттырды. Температуралық бақылау жүргізілуде.
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясы қызметкерлерді оқыту курсын тоқтатты. Жұмыс орындарында қолға арналған антисептиктер бар аппараттар орнатылды. Үй-жайларды жинау тәртібі үдетілді. Жұмыс автобустары да дезқұралдармен үнемі өңделеді.
Басқа ірі кәсіпорындар үй-жайларды кварцтайды. Кейбіреулер тепловизорларды кіре берісте орнатуды жоспарлап отыр.


Сонымен қатар, компаниялар барлық халықаралық іссапарларды тоқтатты.
Облыстың тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істейді және тұтынушыларды коммуналдық қызметтермен тұрақты қамтамасыз етеді.


Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Екі науқас емдеу курсын алуда, олардың жағдайы қанағаттанарлық. Тәулік бойы бақылау жасайтын карантинде 375 адам бар. Бұл 1А санатындағы елдерден оралған немесе шартты түрде жұқтырған адамдармен байланыста болған азаматтар. Тағы 79 адам үй жағдайында карантиннен өтеді.


Облыстық автомобиль жолдарында санитарлық бекеттер жұмысын жалғастыруда, онда полиция және санитарлық қызмет қызметкерлері бірлесіп кезекшілік етеді. Машиналарда қозғалуға ешқандай шектеулер жоқ. Барлық келетін және кететін жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулық жағдайы тексеріледі.
Облыста су тасқыны жағдайының шиеленісуі жоқ. Ірі су қоймаларында су жіберу ұлғайтылды. Өзендерде және көлдерде еріген суды қауіпсіз өткізу үшін мұзды ұсақтау мен жару жұмыстары жалғасуда. Автомобиль және темір жолдарда су басу жағдайы тіркелген жоқ. 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

17°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 40%, Давление 705, ветер 13 м/с

Валюта курстары

USD 439.01
Euro 474.61
Рубль 5.75

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх