Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Ақпан 2020
Қарағандыда жеке сектордағы көшелерден қар шығарылуда

Қарағандыда көпқабатты үйлердің аулалары мен жеке тұрғын үй секторындағы көшелер қардан тазартылуда. Бұл аумақтардан бес полигонға 800 мың текше метр қар шығарылды.
Қаңтар айында жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болды. Қарағандыда су тасқынына қарсы іс-шараларға резерв қорынан қосымша қаражат бөлінді. Ол қаржы жеке сектордың аулалары мен көшелерінен қарды жинау және шығару, арықтар мен арналарды тазалауға жұмсалуда.
Бірінші кезекте су басуға бейім көшелер тазаланады. Олардың саны қаламызда 66. Оның 40-ы Қазыбек би ауданында, 26-ы Октябрь ауданында орналасқан. Наурыз айында арықтарды, каналдарды және су өткізу құрылыстарын тазарту басталады.
- Бүгінде Қазыбек би және Октябрь аудандарында 46 учаскеден қар шығару үшін қосымша қаражат қарастырылған. Бұл жерде мердігер ұйымдардың қызмет көрсетуіне кірмейтін учаскелер туралы айтып отырмыз. Қалған мердігерлер 10-шы ақпаннан бастап қарды шығаруға кірісті. Бұл жұмыс күн жылығанша жалғасады, - деді Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Рүстем Қожақапанов.
Сонымен қатар, биылғы жылы Мелькомбинат ауданындағы Космонавтар, Құрманғазы, Районная, Камская, Костюшко, Бензинная, Орская көшелерінде жаңа нөсер кәрізінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Бүгінгі таңда бұл учаскелер су басуға жиі ұшырайтын аумақ болып табылады.
Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары Ғалым Мұқашевтың айтуынша, биылғы жылы жеке сектордағы қар тазалау жұмыстары өткен жылғымен салыстырғанда ертерек басталды.
- Осы айдың басынан бастап «Тазалық» ЖШС екі ауысымда жұмыс істейді. Біз қалалық әкімдіктен және қалалық мәслихат депутаттарынан қар тазалауға қатысты көмек сұрадық. Сондай-ақ кәсіпкерлерге жүгіндік, қазірдің өзінде олардың үшеуі бізге оң жауап берді. Кеше «Аспап» ЖШС бізге көмектесіп, техника бөлді. Су басуға бейім 40 көшенің 19-да бұл жұмыстар аяқталуда. Бүгінгі күнге дейін 16 000 текше метр қар шығарылды, бұл шамамен 1000 көлік. Ертең жұмыс Михайловкада жалғасады, - дейді Ғалым Мұқашев.
ПИК өкілдерінің айтуынша, кейбір көпқабатты үйлердің тұрғындары өз бастамасымен аулаларды тазалауға көмектесуде.
- ПИК трифтерінде қар тазалауға қаражат қарастырылмаған. Биыл қар қалың болды. Тұрғындардың өздері бастамашылық танытып, қар жинау бойынша бір жолғы жиын ұйымдастырды. Біз бұл жұмысты ұйымдастырдық. Қызмет көрсететін 76 үйдің бесеуінің ауласынан қар шығарылды, - дейді «Стимул» ПИК өкілі Андрей Гаршанев.
Қалалық әкімдікте хабарлағандай, Жұмысшы кентіндегі Солонка өзені арнасының бойымен ұзындығы 800 м жер үйіндісін нығайту жұмыстары жүргізілді. Су тасқынына қарсы жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

11°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 52%, Давление 716, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх