Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Ақпан 2020
Қарағандыда киберспорт бойынша бірінші аймақтық турнирдің финалистері анықталды

Қарағандыда киберспорт бойынша бірінші аймақтық турнирдің финалистері анықталды. LAN турының қорытындысы бойынша Counter-Strike: Global Offensive бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «AEZAKMI» командасы бірінші болып финалға шықты. Олардың қарсыласы ертең, 19 ақпан күні онлайн біліктілік бойынша анықталады.

Ал 23-ші ақпанда Қазақстанның екі үздік командасы біліктілік нәтижесі бойынша үлкен сахнада чемпион атағына таласады.
FIFA 20 виртуалды алаңында Қарағандының екі финалисі - ҚарМТУ инновациялық технологиялар колледжінің оқытушысы Ақназар Бексейітов және ҚарМТУ студенті Мадияр Жұмажан бақ таластырады. Финалға шығу құқығы үшін 69 адам өзара күресті.
Киберспорт бойынша аймақтық турнирді «Қазақтелеком» АҚ қолдауымен «Qazaq Cybersport Federation» республикалық қоғамдық бірлестігі, Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы ұйымдастырды. Жүлде қоры – 500 000 теңге.
23-ші ақпанда Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында CS:GO және FIFA 2020 «Alaman Cup: Qaragа'andy» бірінші аймақтық турнирінің финалдық ойындары өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі сағат 11:00-де басталады.
Іс-шара қонақтарының назарына FIFA 20 және Mortal Kombat 11 әуесқойлары арасында өтетін турнирлер, викториналар, бағалы жүлделері бар ұтыс ойындары, лотерея, компьютер жинау бойынша шеберлік сабақтары, серіктестер тарапынан ұйымдастырылатын көрсетілім аумағы, косплей-модельдері бар фото және т.б. ойын-сауық бағдарламасы ұсынылады.

Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және мұрағаттар басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

11°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 52%, Давление 716, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх