Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Ақпан 2020
Қарағанды оқушылары республикалық ғылыми жобалар байқауында 11 медаль жеңіп алды

Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Қарағандылық оқушылар 11 медаль жеңіп алды.

Қарағанды облысының намысын республикалық қашықтық турына қатысқан 47 оқушы қорғады. Олар өздерінің 39 жобасын қазылар алқасының назарына ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Қарағанды облысының оқушылары 11 медаль мен 36 грамота иеленді. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға қатысу туралы сертификаттар табыс етілді.
Қарқаралы ауданы № 44 ЖББОМ 9 сынып оқушысы Әйгерім Мейрам 1-ші дәрежелі дипломмен және алтын медальмен марапатталды. Қарағанды қаласының № 53 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Виктор Юстус 2-ші дәрежелі дипломмен және күміс медальмен марапатталды.
Үшінші дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен 9 қатысушы марапатталды, олар Жезқазған қаласының № 13 және №8 мектептері, сонымен қатар № 32 ЖББОМ, мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты, № 53 мектеп-лицейі, №1 «Білім-инновация» лицей-интернаты және Н. Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты.
Қатысушылар үшін Алматы қаласының көрнекті жерлеріне экскурсия мен мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылды.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

11°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 52%, Давление 716, ветер 4 м/с

Валюта курстары

USD 443.50
Euro 479.47
Рубль 5.79

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх