Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

29 Қаңтар 2020
Жеңіс Қасымбек қардың дұрыс тазаланбауына байланысты Қарағанды қаласының әкімдігін сынға алды

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қар тазалау мен қоғамдық көлік жұмысындағы іркілістер салдарынан Қарағанды басшылығының атына сын айтты. Аймақ басшысы жолаушылар тасымалын тұрақтандыруды және күн соңына дейін барлық қала жолдарын қардан тазартуды талап етті.
- Қарағандыға қатысты наразылықтар жеткілікті. Қала әкімдігінің әлсіз жұмысын атап өтейін. Бірінші кезекте жолдарды тазалауға байланысты. Кеше кейбір бағыттар бойынша қоғамдық көлік мүлде тоқтады немесе рейстер жиілігі өзгерді. Кестеден ауытқып кетті, соның салдарынан аялдамаларда ө автобусын күткен адамдар саны күрт көбейіп кетті, - деді Жеңіс Қасымбек ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Облыстық комиссияның отырысында. - Қала басшылығы жағдайды жеткілікті деңгейде бағаламады. Тіпті қиындықтарды шешудің орнына, сырт қалды деуге болады. Және қандай да бір пәрменді шаралар қабылданған жоқ. Көптеген бағыттар бойынша, әсіресе қоғамдық көлік бойынша жұмыстар дұрыс жасалған жоқ!
Қарағанды қаласы әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Шалабековтың айтуынша, екі ауысымда қар тазаланып, қосымша техника тартылды.
- Бүгін 270 бірлік техника шығып, қосымша 26 машина тартылды. 28-ші қаңтарда ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Әкімдік резервінен қосымша қаржы бөлу қажеттілігі туралы шешім қабылданды, - деді Жақсылық Шалабеков. – Біздің атымызға атылып отырған сынның негізі бар. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін барлық шараларды қабылдаймыз.
Бизнес иелерімен жеке аумақтарды тазалау бойынша жұмыстар жанданды, деп толықтырды ол.
- Халық сіздердің жұмыстарыңызға теріс баға беруде. Мен де олармен келісемін, осындай баға беремін, - деп облыс әкімі берілген жауапқа қанағаттанбайтынын білдірді.
Аймақ басшысының тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев облыс орталығын аралап, қар жинаудың ұйымдастырылуын тексерді.
- Бірінші мәселе – мамандандырылған техниканың жетіспеушілігі. Бұл әсіресе Майқұдық, Пришахтинск, Сұрыптау аудандарында байқалуда. Қозғалыс қатысушыларына аз кедергі жасау үшін күндізгі уақытта емес, түнгі уақытта жұмысты күшейту қажет. Сол кезде жұмыс тиімді болады, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.
Ол қоғамдық орындарда және жаяу жүргіншілер жолдарында қар тазалау қажеттігіне назар аударды.
- Бүгін жолдар мен көшелерді тазалау жұмыстарын барынша аяқтау қажет. Ауланың ішіне өту, аулаға кіру жолдарын тазалау керек. Тәулік бойы жұмысты ұйымдастырыңыздар. Аудан әкімдері жағдайды жеке өзі бақылап, учаскелерге шығуы тиіс. Егер техника жеткіліксіз болса, тағы да тартыңыздар. Барлық жолаушылар маршруттары бойынша кесте сақталуын қамтамасыз етіңіздер: көлік саны және рейстер тұрақтылығы қажет. Мен мұны өзім тексеремін, - деді Жеңіс Қасымбек.
Өңір басшысы барлық қалалар мен аудандардың әкімдерін қардың жиналуына жеке жауап беретіндерін ескертті.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-5°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 85%, Давление 722, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 375.87
Euro 406.24
Рубль 5.84

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх