Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

29 Қаңтар 2020
Қарағанды облысының жолдарында бір тәулік ішінде 322 адам құтқарылды

Өткен тәулікте Қарағанды облысында автожолдардың 20 учаскесінде апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Құтқару іс-шараларына жұмылдырылған күштер мен құралдар, Төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұланнан, Жергілікті полиция қызметі жергілікті атқарушы органдарының, медициналық ұйымдардың қызметкерлерінен құралды.
Жалпы бір тәулік ішінде 322 адам құтқарылды,оның ішінде 12 бала болды, 69 адам эвакуацияланды.
Теміртау-Қарағанды автожолында қар құрсауында қалған көліктерден 136 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылды. Жол бойындағы дәмханаларда жылыту және тамақтану орындары ұйымдастырылған.
Қарағанды – «Сарыарқа» әуежайы автожолында ТЖД қызметкерлері 72 адамды құтқарды. Жолдың тазартылған учаскесіне 23 жеңіл және 2 жүк көлігі шығарылды.
Теміртау маңында құтқарушылар қар құрсауынан 44 адамды эвакуациялады, олар Нұрқазған кенішінің үш қызметтік автобусында болған жұмыскерлер.
Бұқар Жырау ауданында Доскей – Тоғызқұдық - Ботақара жолында жолдың тазартылған учаскесіне қар құрсауынан 9 жеңіл автокөлік шығарылды, онда 18 адам болған.
Шахтинск-Шахан жолында қалың қардың арасында тоқтап қалған автокөліктерден 25 адам құтқарылды,18 көлік тазаланған учаскеге шығарылды.
Ақтоғай ауданында «Ақтоғай – Балқаш» жолында қалың қарда қалып қойған автокөліктерден, 10 адам құтқарылды және 2 автокөлік сүйретіліп шығарылды.
Сонымен қатар, жедел ауруханаға жатқызуды қажет ететін адамдарды медициналық мекемелерге тасымалдау бойынша жұмыстар жүргізілді.
Ақтоғай ауданында Нарманбет ауылынан Балқаш қалалық ауруханасына босанған әйел жеткізілді. Түнде тағы бір жаңа туған сәбиді құтқарушылар Ақтау кентінен Теміртау ауруханасына алып келді.
Нұра ауданында Көбетей ауылынан орталық аудандық ауруханаға жүкті әйел жеткізілді. Ал Бұқар-Жырау ауданының Самарқанд ауылында толғағы жеткен әйел үшін құтқарушылар 29 қаңтар күні 04.20-да Теміртаудан жедел жәрдем бригадасын жеткізді.
Қарағандыда Көгілдір тоғандар шағын ауданында шақырту алған жедел медициналық жәрдем көлігі сүйретіліп шығарылды.
Жолдарды жабу бекеттерінде жүрген жүргізушілер мен жолаушылар үшін жылыту бекеттерінде тамақтандыру ұйымдастырылды, жанармай құюға көмек көрсетілді.
Республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелері әлі де жабық:
Сәтбаев қ. - Қостанай облысының шекарасы;
Теміртау қ. - Ақмола облысының шекарасы;
Қарағанды қ. - Ақсу-Аюлы ауылы;
Қарағанды қ. - Павлодар облысының шекарасы;
Ботақара к – Павлодар облысының шекарасы;
Ботақара кенті - Қарқаралы қаласы.
Автожолдарды жабу/ашу, дауылды ескерту, сабақты тоқтату туралы ақпарат «Дармен» мобильдік қосымшасында қол жетімді.

Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-5°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 85%, Давление 722, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 375.87
Euro 406.24
Рубль 5.84

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх