Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

17 Қаңтар 2020
Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы есептік кездесу өткізді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттініңнің Қарағанды облысы бойынша депатаментінің жетекшісі Денис Шакенов ведомство қызметі және өткен жылы атқарылған жұмыстар қорытындысы жайлы айтып өтті. Есеп беру кездесуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа сервис орталығында өтті. Оған қоғам өкілдері, облыс әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова қатысты.
- Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жүргізудеміз. 2019 жылы мемлекеттік органдарда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 17 сыртқы талдау жүргізілді, 133 ұсыныс берілді, қазіргі уақытта оның 101 орындалды. Негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері нормативтік-құқықтық актілерде, персоналды басқаруда, мүдделер қақтығысының бар-жоғы байқалды, - деп хабарлады Денис Шакенов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы арнайы мониторингтік топтың рөлін атап өтті. Оның пікірінше, аталмыш орган қоғамдық сананың өзгеруіне ықпал етеді және азаматтық қоғам мен мемлекеттік аппарат арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Жариялылықты арттыру үшін АМТ мүшелері жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан комиссиясына, магистратураға және докторантураға түсу кезінде кешенді тестілеуге қатысады. Қоғам өкілдері жөнделген жолдардың сапасын, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды тексереді.
Өңірде сондай-ақ ақпараттық-ағартушылық штаб жұмыс істейді, оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері мен белсенді азаматтар кіреді. Облыс әкімдігі мен азаматтық қоғаммен бірлесіп «Сарыарқа – адалдық алаңы» жобасы табысты жүзеге асырылуда, оның басты мақсаты – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою.
- «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы аясында Қарағанды облысында 1084 мемлекеттік ұйым өз бюджеті туралы ақпаратты орналастырды. Қаражат жұмсауды азаматтар нақты уақыт режимінде бақылай алады. Барлық мемлекеттік органдардың шағымдары мен өтініштеріне жедел ден қою бойынша жұмыс жолға қойылды, - деді Денис Шәкенов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша жобаны жүзеге асыруда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бүгінгі күні алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы тәрбиелеуге басты назар аударылады, деп атап өтті департамент басшысы.
Денис Шәкенов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық статистикасын келтірді. Оның айтуынша, облыста олардың саны соңғы екі жылда 1,7 есеге азайған.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы кез келген азамат хабарлай алады. Расталған ақпарат үшін ақшалай сыйақы беріледі. 2019 жылы 10 қарағандылық 1,4 млн теңгеге сыйлық алды.
Есеп беру кездесуінде сондай-ақ ақпараттық – ағарту штабының басшысы Бекзат Алтынбеков, арнайы мониторинг тобы басшысының орынбасары Бейбіт Жұмабеков, «Сарыарқа-адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Малика Күсенбаева сөз сөйледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы Қадиша Оспанова айтып өтті. Партия көшбасшысы Nur Otan ресурстарын белсенді пайдалануды және өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы форум өткізуді ұсынды.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-5°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 85%, Давление 722, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 375.87
Euro 406.24
Рубль 5.84

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх