Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

09 Желтоқсан 2019
Қарағандыда энергетикалық форум өтуде

Қарағандыда энергетикалық форум өтуде. Шараға қатысушылар өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамыту перспективаларын және «жасыл» технологияларға көшуді талқылайды.
Форумға ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, Қарағанды облысы әкімдігінің, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, «Даму» Қорының өкілдері, сервистік компаниялардың басшылары, бизнесмендер және басқалары қатысты.
Екі күн ішінде олар жаңартылатын энергетиканың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының энергия тиімділігі саласындағы бастамалары, «жасыл» субсидиялар және жаңартылатын энергия көздеріне байланысты жобаларды бірлесіп қаржыландырудың түрлі құралдарын талқылайтын болады.
Форум бағдарламасына сондай-ақ энергия үнемдеу саласындағы жобаларды іске асыру мысалдарын талқылау, бизнес-кейстер және жаңартылатын энергия көздері саласындағы жергілікті жобалардың тұсаукесері енгізілді.
Қатысушылар үшін инвестициялық жобаларды әзірлеу бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.
Форум ұйымдастырушылары іс-шарадан кейін Қарағанды облысында «жасыл» технологияларды қолдануға мүдделі кәсіпкерлер көп болады деп күтілуде. Осының барлығы өңірдің экономикалық және экологиялық жағдайына оң әсер етуі мүмкін.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-8°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 80%, Давление 714, ветер 13 м/с

Валюта курстары

USD 378.60
Euro 417.75
Рубль 6.13

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2020 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2020 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх