Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

21 Қараша 2019
Қарағандыда өткен байқауда қазақ ас үйінің салт-дәстүрлік және ежелгі тағамдары ұсынылды

Қарағандыда «Бірегей қазақтың ұлттық тағамдары» атты республикалық гастрофестиваль және байқаудың кезекті кезеңі өтті. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар көшпенділер мен дала тағамдарының алуан түрлілігін көрсетуге тырысты. Ұмытылған рецепт бойынша дайындалған тағамдар жиналған қауымның зор қызығушылығын тудырды.
Байқауды ҚР Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі мен «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Шара «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
- Бұл қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттауға бағытталған үлкен жоба. Оны Мәдениет және қоғам қайраткерлері, тарихшылар, этнографтар қолдады. Жоба Қазақстанда тұратын халықтардың бірлігін мәдениет пен дәстүрлерді тану арқылы нығайтуға бағытталған. Фестивальдің мақсаты – қазақ асханасының барлығы білетін бірнеше атаулармен ғана шектелмейтінін көрсету болып табылады. Біз бірегей және ұмытылған тағамдарға қызығушылық білдіргіміз келеді, - деп атап өтті Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту департаменті директорының орынбасары Ерсін Үйсенбаев.
Байқауға тек кәсіби аспаздар ғана емес, сонымен қатар үй шаруалары, колледж студенттері де шақырылды.
- Асүй құпиясын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін отбасылар бар. Мен көп жыл бойы ел бойынша экспедициялар жасадым. Бүгін 200 ұмытылған қазақ тағамдарының әзірлену құпияларын қалпына келтірдік. Біздің ұлттық ас үйіміз туралы әңгіме болғанда, бешбармақ, қуырдақ, құрт, қымыз және тағы бірең-сараң атаулар ғана еске түседі. Алайда, қазақ асханасы бірегей, көп қырлы және әр түрлі, - дейді ҚР Ұлттық музейі жанындағы «Халық қазынасы» ҒЗИ материалдық емес мәдени мұра бөлімінің жетекшісі, этнограф Әйгерім Мұсағажинова.
Ол қарағандылықтар үшін шеберлік сабақтарын өткізді. Зерттеуші жылқының асқазанынан көшпенділердің тағамы - қарын бөртпе дайындады. Әйгерім Мұсағажинова сондай-ақ қуырылған бидайдан жасалған төңкерме тағамының қалай дайындалатынын көрсетті. Оны қазақтар босанатын әйелдерге арнайы дайындап, бала туғаннан кейін бірден берген. Бұл тағам әйелге күш береді және жаңа босанған әйелдің сүтін пайдалы етеді деп саналды.
Байқауға қатысушылар көне рецепт бойынша тағамдар әзірледі. Көп балалы ана Бақытты Қанапинова облыстық ҚХА Аналар кеңесінің атынан сөз сөйледі. Оның үстелінің ерекшелігі батырдың далалық тағамдық шағын қапшығы болды. Оның ішінде сүр және құрт сақталған. Осы жиынтығы болса, батырлар далада оған су қосып, оңай ғана сорпа әзірлей алған.
Сайыскер өздерімен бірге ұлттық сусындардың 7 түрін алып келген.
- Бұл – халық арасында ұмытылып қалған қышқыл-сүт сусыны шалап. Ол нәрлі және пайдалы. Оңай және тез дайындауға болады. Айранды алып, оған су қосу қажет, артезиан суы болса тіпті жақсы, сонан соң аздап тұз қосу қажет. Бұл кальцийге бай тағам. Біз отбасымызбен үнемі шалап ішеміз, балалар жақсы көреді және өздері дайындауды үйреніп алған, - дейді Бақытты.
Үлпершек салттық тағамын Шахтинск технологиялық колледжінің командасы ұсынды. Оның өз тарихы бар. Бұл тағамды қызы тұрмысқа шығып, алысқа келкен ата-аналар дайындаған. Осылайша қыздың туғандары оны сағынып, жақсы көретіндерін білдірген.
Қарағанды аспаздық байқаудың аймақтық кезеңдері өткізілген үшінші қала болды. Қазақ асүйінің үздік білгірлері 25 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтетін қорытынды кезеңге жиналады. Фестиваль қорытындысы бойынша Қазақ асханасының бірегей және ұмытылған тағамдарының альбомы шығарылады.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-4°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с

Валюта курстары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх