Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

21 Қараша 2019
Өңірдің тұрғындарынан Жеңіс Қасымбекке 100-ден астам сұрақ келіп түсті

Қарағанды облысының әкіміне барлық өңірдің тұрғындарынан 100-ден астам сұрақ келіп түсті. Бүгін азаматтарды қабылдау күні өтті. Барлық тілек білдірушілер Жеңіс Қасымбекке және облыстық басқармалардың басшыларына тікелей хабарласу мүмкіндігіне ие болды.
Тұрғындардың басым бөлігі өңірдің бірінші басшысынан жұмысқа орналастыру, үй алу және жеке сипаттағы мәселелерін шеуге көмектесуін сұрады. Сонымен қатар аулаларды абаттандыру, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу тақырыптары да қозғалды.
Мысалы, Фин кентінің тұрғыны Нина Лапушкина Жеңіс Қасымбектен аудандағы жолдардың жағдайына назар аударуды сұрады.
- Кенттің бас көшесі болып табылатын Шаумян көшесінде асфальт жоқ. Онда жүру өте қиын, ал көктемде және күзде балшықтан өту тіптен мүмкін емес. Жарық жоқ, кенттегі көшелер қараңғы, - деді ол.
Облыс әкімі кенттің бас көшесін абаттандыру үшін қаржыландыру көздерін табуға уәде берді. Сондай-ақ, ол 2020 жылы Қарағандыда көше шамдарын орнату және қосу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілетінін хабарлады. Алдын ала есептеу бойынша, қазір қалада 600-ден астам қараңғы көше бар.
«Көгілдір тоғандар» шағын ауданының тұрғыны да өңір басшысына абаттандыру мәселесі жөнінде өтініш білдірді. Ол облыс әкімінен орамішілік жолдарды асфальттау және «жасырын полицейлер» орнатуға қатысты көмек көрсетуді сұрады. Аймақ басшысы облыс орталығындағы аулалар 2018 жылдан 2020 жылға дейін үш жылға бекітілген кесте бойынша жөнделетінін мәлімдеді. Тек биылғы жылдың өзінде «Көгілдір тоғандар» шағын ауданында № 4, 6, 11, 12, 13 жіне 14-ші үйлердің аумағы жөнделді, «Инсар» дүкенінен Восток-5 шағын ауданына дейін баратын, және «Толағай» балабақшасының жанынан өтетін орамаралық жол жөнделді.
Сондай-ақ азаматтардың көбісін тұрғын үй алу мәселесі толғандырды. Аймақ басшысы қазіргі таңда жоспар жасалып, бекітілгенін, жәнеде соған сәйкес 2020 жылы облыста 650 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетінін, оның 400 мыңы Қарағандыда орналасқанын мәлімдеді. Бұл халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 578 көп балалы отбасы мен 1339 адамды жалға берілетін пәтерлермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды бірыңғай қабылдау күні республика бойынша өтті. Сұрақтарға облыс, қала және аудан әкімдері, ІІМ, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, басқармалардың, департаменттердің, бөлімдердің және басқа да мемлекеттік құрылымдардың өкілдері жауап берді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-4°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с

Валюта курстары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх