Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Қараша 2019
Қарағандыда өрт сөндірушілер мен құтқарушылар федерациясының Халықаралық конференциясы өтеді

20-21 қарашада Қарағанды қаласында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар халықаралық спорт федерациясының ХХ Халықаралық конференциясы өтеді. Шараға әлемнің 19 елінен 50-ден астам делегат қатысады.

Конференцияда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионаттарының нәтижелері және бас төрешілер алқаларының жұмысы, өрт сөндіру-құтқару (өрт-қолданбалы) спортының спорттық пәндері бойынша әлемдік рекордтарды бекіту және федерация қызметіне қатысты басқа да мәселелер қаралады.
Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар 2020 жылы Қарағанды қаласында өтетін өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша әлем чемпионатына дайындықты талқылайды. Оған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша екі турнир енгізілетін болады – бұл ерлер арасындағы XVІ әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VIІ әлем чемпионаты.
Халықаралық конференцияның ашылуы 20 қараша күні сағат 10:00-де Кривогуз көшесі, 162 А мекен-жайы бойынша "Космонавт" қонақ үйінде өтеді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-4°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с

Валюта курстары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх