Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

18 Қараша 2019
Қарағандыда мұғалімдерге көмек көрсететін Ресурс орталығы ашылды

Қарағандыда мектептерде цифрлық технологияларды дамытуға арналған Ресурс орталығы ашылды. Мұнда мұғалімдерді білім беру платформаларын қолдануға үйрететін болады.
Ресурс орталығы Қарағанды облысының Білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының жанынан құрылды (С.Сейфуллин к-сі, 8/2). Жобаның әлеуметтік серіктесі Bilim Media Group компаниясы болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба мұғалімдердің сандық ресурстарға қолжетімділігін арттырады. Ресурстық орталықта bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz білім беру платформаларын пайдалану бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіледі. Оқытушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдыларын жетілдіріп, ашық сабақтар ұйымдастыра алады.
- Әрбір білім беру порталы өзінің пайдалы функцияларына ие. Bilimland.kz-те мұғалімдер өз сабақтарын жақсы толықтыра алатын ресурстар бар. Itest.kz-те бақылау тестеріне немесе ҰБТ-ға дайындалуға, тестілеуді тапсыруға және өз қателіктерімен жұмыс істеуге болады, - деді ОӘО директорының орынбасары Есбол Арынов. -Қазақ тілді портал imektep.kz мектеп жасына дейінгі және бастауыш мектепке арналған twig-bilim.kz – бұл ғылыми бейнероликтері бар танымдық порталдар.
Бірінші курсқа облыстың қалалары мен аудандарынан білім беруді цифрландыруға жауап беретін мамандар шақырылды. 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-4°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 88%, Давление 721, ветер 9 м/с

Валюта курстары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх