Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

13 Қараша 2019
Жас қарағандылық футболшылар Қазақстан кубогында екінші орын иеленді

Қазақстан кубогында Премьер-Лига мен Бірінші Лига футбол клубтарының орталықтары мен академияларының тәрбиеленушілері жарысты. Жарыстың финалдық кезеңі Алматы және Талдықорған қалаларында өтті. Ойынға 16 жастан аспаған жас футболшылар қатысты.

Кубокта жеңіске жету үшін 18 команда өзара бақ таластырды. Қарағандылықтар алматылық «Қайратқа» жол беріп, екінші орынды иеленді. Үшінші орын «Оңтүстік» (Шымкент) клубының өкілдеріне бұйырды.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы күміс жүлдегерлерді құттықтады.
- Біз осы жастағы спортшылармен екінші жыл жұмыс істеп келеміз. Өткен жылмен салыстырғанда балалар нәтижесін айтарлықтай жақсартты. Маусым жақсы аяқталды. Команданың барлық қатысушыларының әлеуеті зор. Шеберлікті жетілдіретін боламыз, - деді жаттықтырушы Павел Заяц.
«Шахтер» ФК балалар-жасөспірімдер футболын дамыту жөніндегі директоры Наталья Сухорукова өзіміздің талантты спортшыларымызды дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

-4°
В Балхаше: пасмурно, Влажность 87%, Давление 720, ветер 1 м/с

Валюта курстары

USD 384.97
Euro 427.12
Рубль 6.04

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх