Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

19 Қазан 2019
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жұмыс сапарымен Жезқазғанда болып қайтты

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жұмыс сапарымен Жезқазғанда болып қайтты. Ол жаңа мешіттің құрылысымен танысып, Жанат Хаджиев атындағы Халықаралық театрлар фестиваліне қатысты.
Абзал Нүкенов Жезқазғандағы жаңа мешіттің құрылыс барысымен танысты. Аталмыш нысан 2019 жылдың ақпан айында тұрғызыла бастады. Жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр: шілде айында іргетасы қаланды, енді қабырғалар тұрғызу жұмыстары аяқталуда. Жаңа мешіт қала үшін қажет, себебі ескі Алла үйіне келушілер сыймай жатады. Ол қаланың шетінде орналасқан және тек 500 адамға есептелген. Ал 2,916 шаршы метр аумағы бар жаңа ғимаратта жоба бойынша 1 500 адам орналасады.
Жаңа мешіттің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Абзал Нүкенов құрылыстың осы қарқынын одан әрі ұстануға және орындалатын жұмыстардың сапасын мұқият бақылауға тапсырма берді.
Сондай-ақ, әкім орынбасары Жанат Хаджиев атындағы театрлар фестиваліне қатысты. Оған Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, сондай-ақ Алматы, Орал және Көкшетау театрларының жеті ұжымы қатысады.
Абзал Нүкенов қазылар алқасы мүшелерімен бірге неміс драматургы Хайнер Мюллердің «Филоктет – Медея» спектаклін талқылауға қатысты. Бұл қойылымның режиссері Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов болды.
Аталмыш спектакль Македонияда өткен «Стоби-2017» антикалық драмасының Халықаралық фестивалінің гран-приіне ие болды. Қуандық Қасымов драманың эмоционалдық құрамдас бөлігіне баса назар аудара отырып, көңілді декорациялардан бас тартты. Бұл актерлердің барлық әлеуетін ашуға және спектакльді шын мәнінде есте қаларлық және көрнекті етуге мүмкіндік берді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх