Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

15 Қазан 2019
Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалі өтеді

16 қазан күні Қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестивалі басталады. Төрт күн бойы көрермендер классикалық, халықтық, үрмелі аспаптар және джаз стильдері мен жанрларының музыкасын тыңдай алады.

ХХІ музыкалық фестивальге Кубадан, Түркиядан, Ресейден, Әзірбайжаннан, Қырғызстаннан, Қазақстаннан, сондай-ақ Ресейден келген оркестрлер өнер көрсетеді.
16 қазан күні «Шалқыма» концерт залында, сондай-ақ 17 қазанда Теміртау қалалық мәдениет сарайында Новосібір мемлекеттік филармониясының орыс академиялық оркестрінің концерттері өтеді. Концерттер сағат 18.30-да басталады. Солистер - Ирина Новикова (сопрано) және Гурий Гурьев (баритон).
Дирижерлер – Ресейдің Халық әртісі Владимир Гусев және Бүкілресейлік байқаудың лауреаты Рустам Ділмұхамедов.

17 қазан сағат 18.30-да Цирк ғимаратында джаз оркестрінің концерттік маусымының ашылуы өтеді. Оған Сібір-Кубалық «Hard Jazz Projeсt» тобы қатысады.
Солистер – Ромай Диаз Секове Плам (вокал, перкуссия, Куба), Алексей Пыстин (клавишалық аспаптар, Ресей), Дмитрий Швецов (ұрмалы аспаптар, Ресей), Юрий Васильев (бас, Ресей).
Бас дирижер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

18 қазан күні «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы халық аспаптар академиялық оркестрінің концерті өтеді. Басталуы 18.30-да.
Солисттер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтұрғызов, Әзірбайжанға еңбек сіңірген қайраткері Сахиб Пашазаде (тар, Азербайджан), халықаралық конкурстардың лауреаты, Мемлекеттік хордың көркемдік жетекшісі Г. Мерсин Ахмет Баранның (канун, Түркия), халықаралық конкурстардың лауреаты Элнура Самарбекова (вокал, Қырғызстан).
Дирижерлер – оркестрдің бас дирижері және көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай және ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалисын Шоқанбаев.

Концерттер туралы толық ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады: 41 10 88, 41 22 36, 41 22 30. 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 29%, Давление 724, ветер 7 м/с

Валюта курстары

USD 388.70
Euro 428.70
Рубль 6.08

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх