Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

10 Қазан 2019
Теміртауда жаңадан салынып жатқан қазандық ЖЭО-2 жылу қуатын 80 Гкал-ға дейін ұлғайтады

Биылғы жылы Қарағанды облысының солтүстік бөлігінде жылыту маусымы әдеттегіден бұрын басталды. Ал аймақтың оңтүстігінде жылу бүгінгі күннен бастап беріле бастады. Бұл туралы брифингте Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ұлантай Үсенов мәлім етті.

- Жылыту маусымына облыста барлық тұрғын үйлер және әлеуметтік-мәдени тұрмыстық нысандар дайындалды. Күзгі-қысқы кезеңге дайындық бойынша жоспарланған барлық іс-шаралар орындалды. 9 қазанға дейінгі мерзімде 6816 көпқабатты тұрғын үйдің 4659-ы жылу жүйесіне қосылды. Және 1397 әлеуметтік мәдени тұрмыс нысандарының 1181-де жылу жіберілді, - деді Ұлантай Үсенов.
Ол сондай-ақ Теміртау қаласындағы ЖЭО-2 қазандығының қалай салынатыны туралы айтты.
- Теміртау ЖЭО-2 жұмысы ерекше бақылауда. Елбасының тапсырмасына сәйкес №7 жаңа қазандықтың құрылысы басталды. Бүгінгі таңда жаңа қазандық үшін корпусты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Дайындық жұмыстары үшін мердігерлік ұйымды анықтау бойынша байқау жарияланды. Қараша айынан бастап қазандық жабдығын дайындау басталады. Қазандықты монтаждау және орнату конкурсын келесі аптада жариялау жоспарланып отыр. Жаңа қазандық пайдалануға берілгеннен кейін жылу қуаты 80 Гкал-ға және энергия генерациясы 60 МВт-қа артады деп күтілуде. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шахан кентінде қазандық салу жұмыстары басталды. Жаңа қазандық келер жылы аяқталады, - деді Ұлантай Үсенов.
ЖЭО-2 қазандық жабдығы 20 жылдан астам уақыт бойы пайдаланылды. Соңғы үш жылда станцияда 5 қазандық жөнделді. Биыл бір қазандықты күрделі жөндеу және екі қазандықты ағымдағы жөндеуден өткізу қарастырылған.
Спикер атап өткендей, 2018 жылы Нұрлы Жол бағдарламасы бойынша бюджеттік несиелендіру арқылы облыс орталығында 4 магистральды жылу желісі қайта жөндеуден өтті. Ағымдағы жылы осы бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен Қарағанды және Жезқазған жылумен жабдықтау жобаларына қаражат бөлінді. Ұзындығы 5.5 шақырым магистральды жылу желілерін қайта жаңарту қарастырылған.
Ұлтай Үсеновтың айтуынша, облыста көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінен ДЖЖ шығару жұмыстары жалғасуда.
- Биылғы жылы Ағадыр кентінде үйлердің жертөлелерінде болған барлық ДЖЖ шығарылды, - деп атап өтті Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх