Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

10 Қазан 2019
Қарағандыда DosStar IX халықаралық оперетта және мюзикл фестивалі өтеді

Қарағандыда тоғызыншы рет DosStar Халықаралық оперетта және мюзикл фестивалі өтеді. Ол 25-27 қазан аралығында ұйымдастырылады. Биыл қойылым екі алаңда өтпек: Қарағанды академиялық музкомедия театрының сахнасында және Теміртау мәдениет сарайында.
- Фестивальдің мақсаты - мәдениет диалогын нығайту болып табылады. Аталмыш шара құрылғаннан бері онда Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Польша, Армения, Молдова, Болгария, Румыния, Латвия, Литва, Грузия қалаларынан 500-ден астам түрлі музыкалық театрлардың өкілдері қатысты. 2019 жылы география кеңейіп келе жатқанын байқап отымыз, осы жылы біз Сербия мен Германияның солистерімен танысамыз. Яғни, 9 жыл ішінде оперетта мен мюзикл фестиваліне 17 қатысушы ел жиналды, - деп атап өтті музкомедия театрының жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Амантай Ыбраев.
25 қазанда фестиваль елордалық «Жастар» театрының қойылымымен ашылады. Қарағанды сахнасында эпикалық тұрғыда қойылған «Жібек» туындысы ұсынылады.
26 қазанда Теміртау қаласында Омбы мемлекеттік музыкалық театры «Любовь под прикрытием» мюзиклімен өнер көрсетеді.
27 қазанда көрермендерді Ресей, Сербия және Германия әртістерінің қатысуымен болатын Гала-концертке шақырады. Ол Қарағанды музыкалық комедия театрының сахнасында өтеді. Көрермендер алдында Серб ұлттық театрының жетекші солисі Бранислав Ятич, И. Архипова атындағы Қордың күміс орденінің лауреаты, Йован Джорджевич атындағы алтын медальдің иегері, Халықаралық музыка қайраткерлері қауымдастығы орденінің иегері, Халықаралық конкурстардың лауреаты Сузанна Хейнзман (Германия); «Рубецаль», «BRAVO! Голос 2015» С. Прокофьев атындағы вокалдық байқаудың лауреаты Ирина Косаговская (Мәскеу) өнер көрсетеді.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх