Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

09 Қазан 2019
Жезқазғанда «Тұлға» сыйлығы табыс етілді

Жезқазғанда білім, өнер және БАҚ саласындағы «»ұлға" сыйлығын табыс ету рәсімі өтті. Іс-шара Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сефулиннің 125 жылдығына, сондай-ақ «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына орайластырылды.

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тұлға» сыйлығын меценат, Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Алтынбеков ұсынды.
«Ақпарат саласындағы еселі еңбегі үшін» аталымы бойынша «Сәкен Сейфуллин» атындағы сыйлықты «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Әбілдә Қайрат Жүнісұлына берілді.
Дәл осы номинацияда «Әлихан Бөкейханов» атындағы екінші атаулы сыйлық - «Егемен Қазақстан» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Есаман Хамит Ерболатұлы.

«Ұрпақ тәрбиесіндегі еселі еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша «Шабал Бейсенбекова» атындағы сыйлық Жезқазған қаласындағы №8 қазақ гимназиясының директоры Әбдікерова Сара Түгелбайқызына тағайындалды.
Ал «Нүрия Жұмажанова» атындағы сыйлық Жезқазған қаласының №1 мектеп директоры Әбдірахман Мұханбетжанұлына табыс етілді.

«Өнер саласындағы іргелі жетістіктері мен кейіпкер образын сомдаудағы шеберлігі үшін» аталымы бойынша:

«Жанат Хаджиева» атындағы сыйлық – Әбілдин Кенжетай Жүсіпұлына
«Досжан Жанботаев» атындағы сыйлық – Сүлейменов Дархан Тлекұлына (Ғ.Мүсірепов атындағы мемлкеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері)
«Кеңес Нұрланов» атындағы сыйлық – Молдабаев Боранбай Әбдешұлына (Қазақстан респубилкасының еңбек сіңірген қайраткері)
«Қонысбек Бегайдаров» атындағы сыйлық – Бегайдар Олжас Қонысбекұлына(талантты актер, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі, Қостанай қаласы)
«Серік Бұлғақбаев» атындағы сыйлық – Бейісбеков Нұржан Жаруллаұлына (С.Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрының актері, Жезқазған қаласы
«Райхан Ибраева» атындағы сыйлық – Злиха Әбдірасиловаға (белгілі актриса)
«Қайрат Кемалов» атындағы сыйлық – Жағыпаров Қуаныш Өсербайұлына (С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры актері. Қарағанды қаласы) берілді.

«ТҰЛҒА» сыйлығының иегерлері:

«Егемен Қазақстан» газетінің ұжымы.

Бейсенбекова Шабал Бейсенбекқызы – ардагер ұстаз, Сәтбаев қаласының Құрметті Азаматы, «Құрмет» орденінің иегері.

Жанботаев Досжан Әбдірәлімұлы – театр және кино актері, Қазақстан Республикасының Халық әртісі.

Сондай - ақ, қазақ әндерін дамытуға қосқан үлесі үшін «Өнер гранттарына» ақын, композитор, әнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері-Әбдіқалықова Елена Мәжитқызы ие болды.
- Сыйлықтың басты мақсаты – бұл жетістікті атап өту, біздің заманымыздың көрнекті адамдарының имиджін көтеру және шабыттандыру болып табылады, - дейді Бекзат Алтынбеков.
«Тұлға» сыйлығының иегерлеріне арнайы мүсін, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйлық табыс етілді. Шара аясында қонақтар Қаныш Сәтпаевтың, Кетбұқа би мен Сәкен Сейфуллиннің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, №8 қазақ гимназиясында «Егемен Қазақстан» газетінің жетекшісі Дархан Қыдыралиевпен кездесу ұйымдастырылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қайырымдылық керуені аясында көпбалалы отбасыларға Тұрмыстық техника мен ақшалай сертификаттар табыс етілді. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх