Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

08 Қазан 2019
«Елтану» экспедициясы Қарағандыдан Павлодар облысына аттанды

Қарағандыдан «Елтану» Республикалық туристік-өлкетану экспедициясы жол тартты. Биыл қатысушылар Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарына барады.
«Елтану» экспедициясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Өз жеріңді таны» жобасы аясында өткізілуде. Оның мақсаты – этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделін нығайту, жастарды патриотизмге тәрбиелеу.
Биылғы жылы экспедицияға Абай оқуларының, «Мың бала», «Алғысым саған, Қазақстан!» байқауларының жеңімпаздары, «Ұлт қазынасы» және «Түркі әлемі: Күлтегін жырлары» фестивальдеріне қатысушылар, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, блогерлер, журналистер мен ғалымдар қатысты.
Экспедиция екі негізгі бағытты қамтиды. 8-10 қазан аралығында делегация Павлодар облысына барады. Экспедиция мүшелері Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркіне, Бұхар Жырау кесенесіне, Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың мұражайына, Мұса Шорманұлы мен Мәшһүр Жүсіп кесенесіне баруды жоспарлауда. Сонымен қатар Жасыбай көлін, Қоңыр әулие үңгірін, Сақ қорғандарын және басқа да қасиетті орындарды көруді көздер отыр.
10-12 қазан аралығында экспедиция Шығыс Қазақстан облысына аттанады. Мұнда олар Жидебай-Бөріледегі Абай Құнанбаев атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығын, Құнанбай құдығын, Зере мен Ұлжан кесенелерін, Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенін, Еңлік-Кебек кесенесін, сондай - ақ Бөрілідегі «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» мұражайын тамашалайды.
Қарағандылықтар осындай өлкетану экспедицияларына екінші жыл қатарынан қатысып келеді. Өткен жылы олар Бұқар Жырау, Қарқаралы және Ұлытау аудандарында болды.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх