Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

07 Қазан 2019
Қарағандылықтарды «Әуенді Сарыарқа» халықаралық фестиваліне шақырады

Қазанның 15-і мен 18-і аралығында қарағандыда «Әуенді Сарыарқа» XXI халықаралық фестивалі өтеді.
15 қазан күні «Шалқыма» концерт залында сағат 18.30-да симфония оркестрінің қатысуымен ҚР Халық әртісі Жәния Әубәкірованың шығармашылық кеші өтеді. Дирижері – симфониялық оркестрдің бас дирижер әрі көркемдік жетекшісі, Бүкілресейлік конкурс лауреаты Петр Грибанов.
Дәл сол күні 20:30-да Қарағанды қаласының төрінде «Кеншілер даңқы» композициясы алаңында «Жұлдыздар Аллеясында» Қазақстан Республикасының Халық әртісі Жәния Әубәкірованың жұлдыз тақтасының ашылу салтанаты өтеді.

Фестиваль аясында Қарағанды Джаз оркестрі XXVII концерттік маусымын ашады. Концерт 17 қазанда циркте өтеді. Басталуы 18.30. Сондай-ақ, көрермендерге Новосібір қаласының «Hard Jazz Project» джаз ұжымы мен Кубадан келген «CQ Plam» тобы өнер көрсетеді. Солистер – Ромай Диаз Секове Плам (вокал-перкуссия, Куба), Алексей Пыстин (клавиши, Ресей), Дмитрий Швецов (ударные, Ресей), Юрий Васильев (бас, Ресей). Оркестрдің бас дирижері - көркемдік жетекшісі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко.

Сондай-ақ «Әуенді Сарыарқа» фестивалі бағдарламасында:
16 қазан сағат 18.30-да «Шалқыма» концерт залында Новосібір мемлекеттік филармониясы академиялық орыс оркестрінің концерті өтеді. Солистер - Ирина Новикова (сопрано) және Гурий Гурьев (баритон). Дирижерлер - Ресейдің Халық әртісі Владимир Гусев және Бүкілресейлік байқаудың лауреаты Рустам Ділмұхамедов.

17 қазанда Теміртау мәдениет сарайында сағат 18.30-да Новосібір мемлекеттік филармониясы орыс академиялық оркестрінің концерті болады. Солистер - Ирина Новикова (сопрано) және Гурий Гурьев (баритон). Дирижерлер-Ресейдің Халық әртісі Владимир Гусев және Бүкілресейлік байқаудың лауреаты Рустам Ділмұхамедов.

Фестивальдің шымылдығы 18 қазан күні 18.30-да «Шалқыма» концерт залында Тәттімбет атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің концертімен жабылады. Жеке орындаушылар - ҚР еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзовтың, Әзірбайжанның еңбек сіңірген қайраткері Сахиб Пашазаде (тар, Әзірбайжан), халықаралық конкурстар лауреаты, Мерсин қаласының мемлекеттік хорының көркемдік жетекшісі Ахмет Баранның (канун, Түркия), халықаралық конкурстар лауреаты Элнура Самарбекованың (вокал, Қырғызстан). Дирижерлер – оркестрдің бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Дүйсен Үкібай мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Әбдуғалисын Шоқанбаев.
 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх