Балқаш қаласы әкімдігінің
Ресми сайт
poisk

Облыстың жаңалықтары

07 Қазан 2019
Абайда бизнесмендерге арналған диалог алаңы құрылды

Абайда кәсіпкерлерге арналған «Өсу нүктесі» атты диалог алаңы ашылды. Оны аудандағы бизнестің дамуына жаңа серпін беру үшін кәсіпкерлікті, бизнесті дамыту институттары мен атқарушы мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл жасау үшін құрды.

Диалог алаңы «Туған жер» арнайы жобасының негізгі бағыттарын қолдайды, оны жүзеге асыру арқылы азаматтарды туған жерін, туған өлкесінің дамуына жұмылдыруға бағытталған және де ол әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, бизнесмендерге, мемлекеттік қызметшілерге, зиялы қауым өкілдеріне және жастарға көмек көрсетеді.
Өткен аптада сұхбат алаңында алғашқы кездесу өтті. Оны Абай ауданының әкімі Бауыржан Асанов ашты. Ол кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын белсенді пайдалануға, тәжірибе алмасуға және үнемі дамуға шақырды.
«Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Қарағанды филиалының директоры Ернар Қүлпеисов, Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының тең негізін қалаушы және директоры, Қазақстан кәсіпкерлерінің ассоциациясының басшысы Дмитрий Казанцев, экономика, басқару және маркетинг бойынша сертификатталған тренер-кеңесші Татьяна Хасанова қатысты.
Олар кәсібін жаңа бастаған және әрекеттегі бизнесмендерге шеберлік сабақтарын өткізді. Іс-шара аясында конференция өтті, онда спикерлер шағын және орта бизнес мәселелері және оларды шешу тәсілдері туралы айтып берді.
Кездесуге қатысушылар үшін оқушылардың өз қолдарымен жасаған бұйымдары ұсынылған балалар бизнес-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.


 


Кері қайту


Все новости региона

01.01.1970
01.01.1970
01.01.1970

Ауа райы

В Балхаше: ясно, Влажность 16%, Давление 724, ветер 3 м/с

Валюта курстары

USD 389.86
Euro 435.32
Рубль 6.12

Дауыс бер

Сіз электрондық үкімет порталында электрондық қызмет алдыңыз ба? Жауап беруДауыс беру мұрағаты
© 2007-2019 Балқаш қаласының әкім аппаратының ақпараттық порталы Сайт материалдарын пайдаланғанда ақпарат алған көзге сілтеме жасау міндетті
Яндекс.Метрика
© 2019 Зерттеме және сүйеніш: "Creatida" Интернет-компаниясы
На главную
Назад
Вверх